FOUNDERS SCHOOL: Tech Pizza Day

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Sustainable Innovation and Technology Foundation, NU Impact Foundation, NU Science & Technology Park
Sattar Utkelbayev | Head of NURIS Center

Зертханадан deep-tech стартапқа дейін: екі фаундердің жолы

Tech Pizza Day кездесуіне шақырамыз! Қонақтар: CarbON фаундері Ақмарал Сулейменова және PENDORA фаундері Маржан Нұрланқызы. Екеуі де біздің Go Abroad бағдарламасына қатысқан.

CarbON өнеркәсіптік CO₂ шығарындыларын құнды шикізатқа айналдырады. Қондырғы көмірқышқыл газын тікелей шығарынды көзінде сұйық құмырсқа қышқылына өңдейді, қымбат тасымалдау мен жерге көмуді қажет етпейді.

PENDORA эндометриозды жеке тәсілмен ерте анықтауға арналған платформа әзірлеуде. Жобаның негізінде биомаркерлерді оптикалық мультиплексті анықтау және ЖИ-талдау жатыр. Қыздар ғылыми идеядан стартапқа дейінгі жолы туралы, сондай-ақ өз жобаларын San Francisco-дағы TechCrunch Disrupt сахнасында қалай таныстырғаны туралы айтып береді.

Сізді фаундерлермен әңгіме, нетворкинг және пиццамен кофе-брейк күтеді. Іс-шараны NU Impact Foundation және NU STeP қолдауымен SITF ұйымдастырады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53