Doctoral Institute Annual Day 2026

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Doctoral Institute
Malika Taishibekova | Assistant Director

Nazarbayev University Докторантура институты 2026 жылғы 25 қарашада докторанттарды, оқытушыларды, зерттеушілерді және университет қауымдастығын біріктіретін Докторантура институтының жыл сайынғы күнін (Doctoral Institute Annual Day) өткізеді. Іс-шара ғылыми жетістіктер мен зерттеу саласындағы үздік нәтижелерді атап өтуге арналады.

Бағдарлама аясында бірнеше маңызды бастама ұсынылады. Олардың қатарында Three Minute Thesis (3MT) финалдық байқауы, Campus as Living Labs жобасы, кәсіби даму бойынша семинар және Research Excellence Award марапаты бар. Аталған бастамалар үздік ғылыми жетістіктерді мойындауға және академиялық қауымдастықты нығайтуға бағытталған.

Докторантура институтының жыл сайынғы күні Университеттің докторантуралық білім беруді дамытуға, жас зерттеушілерді қолдауға, инновациялар мен ғылыми зерттеулердің үздіктігін ілгерілетуге деген ұстанымын көрсетеді.

Іс-шараның толық бағдарламасы мен басқа да ақпаратты NU Doctoral Institute Annual Day веб-сайтынан біле аласыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53