Университеттерде қолға алынған алты жобамен танысыңыз. Командалар шағын аумақта өнім өсірудің жолдарын іздестіріп, суару тәсілдерін жергілікті жағдайға бейімдейді. Сондай-ақ олар артылған нан мен сүт өңдеуден қалған өнімдерді қайта пайдалануды зерттейді.
Pronan · Артылған наннан ұн алу
Назарбаев Университеті · 2021–2022
Студенттер мен зерттеушілер жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын бидай нанынан ұн алудың және сол ұннан қайтадан нан өнімдерін пісірудің жолдарын зерттеді. Команда мұндай өңдеу тәсілі дайын өнімдегі глютен мөлшерін азайтуға мүмкіндік бере ме деген сұрақты да қарастырды.

Vegan Meat · Саңырауқұлақ негізіндегі ет баламасы
Назарбаев Университеті · 2021–2022
Команда саңырауқұлақтың таңдап алынған штамын зертханада өсіріп, оны етке балама өнім әзірлеуге пайдаланудың жолдарын зерттеді. Жобаның мақсаты — етті азырақ тұтынғысы келетін адамдарға тағамдық құндылығы етке жақын өнім ұсыну.

HydroHouse · Кампус ғимараттарын гидропоникамен көгалдандыру
Назарбаев Университеті · 2021–2022
Команда кампус ғимараттарының ішін көгалдандыру үшін автоматтандырылған гидропоника жүйесін ұсынды. Жоба бойынша датчиктер жарық деңгейін, температураны және қоректік ерітіндінің қышқылдығын қадағалауға тиіс еді. Бұл өсімдіктерді топырақсыз әрі адамның тұрақты бақылауынсыз өсіруге мүмкіндік берер еді.

Harvest Corner · Қашықтан басқарылатын гидропоника
Сүлейман Демирел атындағы университет · 2023–2024
Студенттер гидропоника қондырғысының жұмыс істейтін үлгісін құрастырып, оны қашықтан басқаруға арналған қосымша әзірледі. Алғашқы үлгіні аяқтаған соң, команда ботаника мен электроникадан алған білімін қолданып, қосымша қондырғыларды құрастыруға кірісті.

Sustainable Greenhouse · Өсімдікті тамыр тұсынан суаратын жылыжай
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті · 2023–2024
Қызылордада топырақ тез кебеді, ал суару кезінде онда тұз жиналуы мүмкін. Команда осы жағдайды ескере отырып, көкөністі тамыр тұсынан суару тәсілін зерттеді. Жоба есебі дайындалған кезде жылыжайда өсірілген көшеттер отырғызуға дайын болды.

Whey Beverage · Сүт сарысуынан жасалған сусын
Қозыбаев университеті · 2021–2022
Команда ірімшік өндірісінде ұйындыны бөліп алғаннан кейін қалатын сарысудан жергілікті жерде бағасы қолжетімді сусын өндіруді ұсынды. Бұл сүт өндірушілеріне қолда бар қосалқы өнімді пайдаланудың тағы бір жолын ұсынар еді.