Сіздерде қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратура және докторантура бағдарламалары бар ма?
Жоқ. Барлық магистратура және докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде оқытылады. Тек Басшыларға арналған МВА бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылғанымен, сабақ барысында орыс тіліне ілеспе аударма қолданылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін түсу емтихандарын немесе кешенді тест тапсыру керек пе?
Назарбаев Университетіне түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері қарастырылмайды.
Барлық бағдарламалар, егер бұрын түсуші ағылшын тілінде оқымаған болса, стандартталған ағылшын тілін білу тестін (IELTS/TOEFL) тапсыруды талап етеді.
Жалпы, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға түсу үшін тиісті бағдарламаның Қабылдау комиссиясы өтінімнің барлық элементтерін назарға ала отырып, түсушінің құжаттар топтамасын қарайды:
Жоғарыда айтылғандардан басқа кейбір бағдарламаларға GRE, GMAT, ALEKS емтихандар нәтижелері, жұмыс тәжірибесі қажет. Медицина мектебінің бағдарламаларына қойылатын талаптарда ерекше емтихандар бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға оқуға түскісі келетін үміткерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
Магистратура немесе докторантура бағдарламасын таңдау қажет. Сіз бір уақытта екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына құжат тапсыра аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
Бағдарламаға оқуға түсу талаптарын мұқият оқу және онлайн өтінім беруге құжаттарды дайындау.
Порталда таңдалған бағдарламаның белгілеген мерзімінде онлайн тіркелу және барлық құжаттарды жүктеу.
Шақырылған жағдайда, Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан сәтті өту. Сұхбаттасу ағылшын тілінде өтеді.
Сәтті қабылдау үшін бағдарлау аптасынан өтіп, сіз оқыған мектеппен келісімшартқа отыру керек.
Магистратура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімдері: Магистратура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Докторантура бағдарламалары бойынша өтінім беру мерзімі: Докторантура бағдарламаларға құжаттарды қабылдау мерзімдерімен танысу үшін сілтеме бойынша өту керек.
Сұхбат қалай жүргізіледі? Қандай сұрақтар қойылады? Неге дайындалу керек?
Сұхбат онлайн немесе офлайн түрінде ағылшын тілінде өтеді және 15 минут немесе одан да көп уақытқа созылады.
Әрбір Қабылдау комиссиясы бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлейді, сондықтан сұрақтар бағдарламаға байланысты өзгеруі мүмкін. Сұхбатта университеттің Қабылдау комиссиясының мүшелері келесілерді тексеру үшін сұрақтар қоя алады:
Көріп отырғаныңыздай, сұхбаттағы тақырыптар Сіздің мотивациялық жазбаңызбен тығыз байланыста.
Магистратураға/докторантураға түскім келеді. Менің бакалавр/магистр дәрежем бұрын таңдалған мамандыққа сәйкес келуі керек пе немесе басқа мамандықты таңдай аламын ба?
Алған дәрежеңіздің Назарбаев Университетінде таңдаған бағдарламаңызбен бірдей болуы шарт емес. Алайда, конкурсқа қатысуға өтінім берген үміткерлер бағдарламаға деген қызығушылықтарын мотивациялық хатта және сұхбатта негіздеуі тиіс.
Магистратурада, Резидентурада, Докторантурада оқу ұзақтығы қанша жыл?
Оқыту түрі |
Бағдарлама |
Оқу ұзақтығы |
Магистратура |
Іскерлік әкімшілендіру магистрі |
16 ай |
Қаржы жөніндегі ғылым магистрі |
16 ай |
|
Мемлекеттік басқару магистрі |
18 ай |
|
Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі |
20 ай |
|
Медицина докторы |
4 жыл |
|
Қалған бағдарламалар |
2 жыл |
|
Докторантура |
Барлық бағдарламалар |
4 жыл |
Резидентура
|
Патологиялық анатомия |
3 жыл |
Педиатрия |
||
Отбасылық медицина |
||
Терапия |
||
Психиатрия |
||
Акушерлік және гинекология |
4 жыл |
|
Анестезиология және қарқынды терапия |
||
Офтальмология |
||
Жалпы хирургия |
5 жыл |
|
Ортопедия және травматология |
||
Радиология |
||
Урология |
Егер қазіргі уақытта мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтсем, бірақ осы бағдарлама есебінен дәреже алмаған болсам, грант есебінен оқуға үміткер бола аламын ба?
Иә. Мемлекеттік білім беру гранты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде және/немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде немесе Қазақстанда тиісті білім беру деңгейінің дәрежесін бұрын игермеген адамдарға беріледі.
Назарбаев Университетінде ақылы оқыту бар ма?
Иә, Назарбаев Университеті ақылы негізде бағдарламалар ұсынады. Ақылы негіздегі оқыту туралы қосымша ақпарат алу үшін "Ақылы оқыту" бөлімін қараңыз.
НУ-ға магистратураға/докторантураға қалай ауысуға болады? Басқа университеттен ауысу мүмкін бе?
Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар деңгейінде ауысу мүмкін емес. Алайда, НУ мектебінің қарастыруымен кредиттеріңізді аудара аласыз. Ол үшін мектеппен хабарласқаныңыз жөн.
Магистратура/докторантура бағдарламасында оқып жүрсем немесе оқуды бітірген жағдайда, кредиттерімді аудара аламын ба?
НУ Мектебінің қарастыруымен кредиттеріңізді аудара аласыз. Ол үшін Мектеппен хабарласқаныңыз жөн.
Қабылдау туралы шешім қашан қабылданады?
Қабылдау туралы барлық хаттар электронды пошта арқылы жіберіледі. Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу мерзімдерін магистратура және докторантура бойынша "Маңызды күндер" бөлімінде қадағалауға болады.
Жұмыстан қол үзбей оқуға болатын магистратура бағдарламалары бар ма?
Назарбаев Университетінде жұмыстан қол үзбей оқуға мүмкіндік беретін келесі бағдарламалар бар:
Білім беруді басқару саласының ғылым магистрі (модульдік оқыту);
Мемлекеттік басқару магистрі (демалыс күндері оқу);
Мемлекеттік басқару магистрі онлайн-бағдарламасы (онлайн сабақтар);
Іскерлік әкімшілендіру магистрі (апта ішінде онлайн, демалыс күндері офлайн сабақтар);
Басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрі (демалыс күндері оқыту).
Қалған бағдарламалардың барлығы күндізгі оқу формасында болғандықтан, оқи жүріп жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмайды.
Егер мен магистр/доктор дәрежесін мемлекеттік грант аясында басқа қазақстандық жоғары оқу орнында алсам, Назарбаев Университетіне дәл сол деңгей бойынша грантқа оқуға түсе алам ба?
Егер Сіз магистр/PhD докторы дәрежесін мемлекеттік грант аясында алсаңыз, өкінішке орай, дәл сол дәрежені мемлекеттік грант есебінен қайта ала алмайсыз. Бұл «Болашақ» стипендиясы иегерлеріне де қатысты. Бұндай жағдайда, конкурстан сәтті өтсеңіз, оқуға ақылы негізде түсе аласыз немесе оқуыңызды қаржыландыратын демеуші іздеу қажет.
«Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасына оқуға түсушілерге стипендияны ҚР Ұлттық банкі бөледі. Толық ақпарат Жоғары бизнес мектебінің сайтында берілген.
Егер өтінім беру кезінде қателік болса, не істеу керек?
Тіркелу кезінде қандай да бір мәселелер туындаған жағдайда ЖСН (ҚР азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмір — Applicant ID көрсете отырып, төмендегі электрондық поштаға жазыңыз.
Магистратура |
Жоғары білім беру мектебі |
|
Жоғары бизнес мектебі |
||
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі |
||
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі |
||
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі |
||
Медицина мектебі |
||
Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебі |
||
Резидентура / Докторантура |
Мен бір мезгілде бірнеше магистратура/докторантура бағдарламасына тіркеле аламын ба?
Сіз бір оқу жылында қатарынан екі магистратура және/немесе докторантура бағдарламасына өтінім бере аласыз. Екі бағдарламаға да оқуға түскен жағдайда, үміткерге біреуін таңдау қажет.
Конкурсқа қатысу үшін берген өтінімімнің мәртебесін қалай білуге болады?
Берген өтініміңіздің мәртебесі Сіздің Жеке кабинетіңізде, “Admission Results” бөлімінде көрсетілетін болады. Ал Қабылдау комиссиясының соңғы шешімі конкурстық іріктеу нәтижесі негізінде тіркелу кезінде көрсеткен электрондық поштаңызға жіберіледі.
Егер мен соңғы курс студенті болсам және жоғары білім дипломым әлі болмаса, бағдарламаға құжаттар тапсыра аламын ба?
Егер Сіз университеттің соңғы курс студенті болсаңыз, конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқып жатқан университетіңіздің Тіркеуші кеңсесі дайындаған ресми транскриптін, ал оқуды бітіргеннен кейін жоғары білім туралы диплом мен қорытынды транскриптін ұсынсаңыз болады.
Егер үміткер магистратураға / докторантураға түспесе, Назарбаев Университетінің магистратура / докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім берген кезде тіркеу жарнасының сомасы қайтарымды ма?
Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы үміткердің Жеке кабинетінен интернет арқылы төленуі қажет. Банк арқылы аудару жолымен төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды. Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Осыған байланысты 2 реттен артық төлем жасамауды сұраймыз.
Құжаттардың нотариалды куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы міндетті түрде керек пе?
Егер Сіз ұсынған құжаттың ағылшын тіліндегі нұсқасы болса, онда оның нотариалды куәландырылған аудармасы керек емес. Өзге жағдайларда, құжаттардың нотариалды куәландырылған ағылшын тіліндегі аудармасы қажет, себебі Қабылдау комиссиясының басым мүшелері – орыс немесе қазақ тілдерін меңгермеген шетелдік азаматтар.
Дипломның орташа балын қалайша дұрыс есептеуге болады?
Сіз GPA-ді 4 балдық жүйемен онлайн ресурстарды пайдалана отырып өзіңіз есептей аласыз немесе транскриптіңізде көрсетілген GPA балын енгізуге болады. Қалай болғанда да, Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкері оны қайта есептейді.
IELTS/TOEFL туралы толық ақпарат. IELTS/TOEFL-ке қалай тапсырыс беруге болады? Неліктен IELTS/TOEFL базада табылмауы мүмкін?
IELTS/TOEFL сертификатын беру үшін үміткерлер келесі талаптарды орындауы керек:
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық Нұсқаулық үміткерлердің жеке кабинетінде "Upload IELTS/TOEFL results" қолжетімді.
IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Ұсынылған барлық сертификаттар құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы керек. Сертификаттың қолданылу мерзімі- 2 жыл.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
IELTS/TOEFL сертификатын берудің соңғы мерзімі сайтта қол жетімді.
Егер мен IELTS/TOEFL нәтижелерін тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жақсартсам, сертификатты қайда жіберуім керек?
Сертификатыңызды Жеке кабинетіңіздің «UPLOAD IELTS/TOEFL RESULTS» бөлімінде Нұсқаулыққа сәйкес жүктеуіңіз қажет.
Мен IELTS/TOEFL нәтижесін тіркелу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсыра аламын ба?
Құжат тапсыру және сертификат нәтижелерін тапсыру мерзімдері әртүрлі болуы мүмкін. Сертификатыңызды Жеке кабинетке IELTS/TOEFL бойынша нәтижелерді тапсыру кезеңі аяқталғанға дейін жүктеуіңіз қажет. Тапсырудың соңғы мерзімдерін магистратура және докторантура бойынша "Маңызды күндер" бөлімінде қадағалауға болады. Сертификаттар көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды. Мұндай жағдайда, Сіздің өтініміңіз талапқа сай келмейтіндіктен қабылданбайды.
IELTS One Skill Retake емтиханының нәтижесі қабылданады ма?
Иә, қабылданады. Тесттің соңғы нәтижелерін IELTS/TOEFL сертификаттарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жіберуіңіз керек.
IELTS/TOEFL/GRE/ GMAТ тест нәтижелерін жіберуге арналған код қандай?
Назарбаев Университетінің тест нәтижелерін жіберуге арналған кодтары:
Ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификаттардың қайсысы қабылданбайды?
IELTS Indicator, IELTS Online, TOEFL PDT және TOEFL iBT Home Edition нәтижелері қабылданбайды.
Жеке кабинетте IELTS/TOEFL сертификатының сканерленген нұсқасын ұсыну жеткілікті ме?
Жоқ, жеткіліксіз. Сізге емтихан әкімшісіне IELTS/TOEFL емтиханының электрондық нәтижелерін Назарбаев Университетіне жіберуге тапсырыс беру қажет. Толық ақпарат алу үшін емтихан әкімшісіне хабарласыңыз.
TRF нөмірін енгізу кезінде дерекқорда менің сертификатым табылмаса, не істеу керек?
Сізге енгізілген барлық деректердің (ТАӘ, сауалнама нысанындағы төлқұжат деректері және TRF нөмірі/Appointment number) дұрыстығын тексеру қажет немесе IELTS/TOEFL сертификатының электрондық нұсқасын Назарбаев Университеті мекен-жайына жіберу үшін емтихан әкімшісіне хабарласу қажет.
ALEKS тесті дегеніміз не?
ALEKS тесті - бизнес үшін негізгі математикалық дағдылар деңгейін анықтау емтиханы. Ол бейімделгіш сауалнаманы үміткердің нақты не білетінін және білмейтінін тез және дәл анықтау үшін қолданылады.
ALEKS тестінің форматымен танысуға бола ма?
Сіз www.aleks.com сайтында тест форматымен танысып, ALEKS сынақ тестілеуінен өте аласыз. Сондай-ақ, http://www.aleks.com/buy_aleks_now сайтында айлық жазылым сатып алуға болады.
Іскери әкімшілендіру магистрі, Қаржы жөніндегі ғылым магистрі және Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламаларына ALEKS тестісін тапсыру ақылы ма?
ALEKS тестісін тапсыру тіркелу жарнасының құнына кіреді. ALEKS тестісін қайта тапсырған жағдайда, құны 10 000 теңге болады.
Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы бойынша ALEKS тестін қайта тапсыру көзделмеген.
МСАТ емтиханы дегеніміз не және бұны кімдер тапсырады?
MCAT емтиханының толық атауы - Medical College Admission Test. Медицина факультетінде оқығысы келетіндерге арналған емтихан.
MCAT бірнеше таңдау сұрақтарынан тұратын (multiple choice questions), студенттердің дағдыларын бағалайтын, атап айтқанда: күрделі мәселелерді шеше білу, сыни тұрғыдан ойлау және медицинаны оқудың алғышарты болып табылатын жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, биология және басқа да пәндер бойынша білімін тексеретін стандартталған тест болып табылады.
MCAT форматы
Тест төрт бөлімнен тұрады.
MCAT бағалау
MCAT тапсыру барысында үміткер тестінің әр бөлімінен 1-ден 15-ке дейін ұпай жинай алады. Соңғы нәтиже MCAT барлық бөлімдері ұпайларының қосындысы болып табылады.
Тест нәтижесі тест тапсырған соң 30-35 күннен кейін мәлім болады. Студент бұл ақпаратты MCAT ресми сайтынан «Get Your Test Scores» бөлімінен ала алады.
MCAT-қа тіркелу және төлеу
Тест ақысы тест тапсыруға қаншалықты ерте тіркелгеніңізге байланысты болады және құны 305-тен 355 доллар аралығында болады. MCAT тестіне өз бетінше дайындалуға арналған материалдарды мына сілтемеден таба аласыз.
MCAT емтиханын қайда тапсыруға болады?
МСАТ емтиханы тек шетелде тапсырылады. Сіз aamc.org сайтына тіркеліп, емтихан тапсыратын елді және емтихан күнін таңдауыңыз керек. Емтихан нәтижесі Назарбаев Университетіне Медицина докторы бағдарламасына онлайн тіркеу аяқталғанға дейін ұсынылуы тиіс.
USMLE емтиханы дегеніміз не және бұны кімдер тапсырады?
USMLE тесті Резидентура бағдарламасына түсуге арналған (тек Step 1 тапсырылады).
USMLE Step 1 – АҚШ және Еуропалық Одақтың көптеген медициналық мектептерінде алғашқы екі курста оқытылатын пәндер бойынша білімді тексеретін компьютерлік, бірнеше таңдау сұрақтарынан тұратын емтихан. USMLE дәрігердің білімін, тұжырымдамалар мен принциптерді қолдану қабілетін және имитациялық жағдайлық зерттеулер негізінде пациенттерді күтудің негізі дағдыларын бағалайды.
Емтихан
Сертификатталған орталықтардың тізімі Prometric сайтында қол жетімді.
IFOM емтиханы дегеніміз не және оны кім тапсырады?
IFOM – науқасты күту кезінде дәрігердің негізгі функцияларын орындаудың кілті болып табылатын негізгі және клиникалық пәндер туралы білімді бағалау үшін АҚШ Ұлттық медициналық сарапшылар кеңесінің (National Board of Medical Examiners — NBME) әзірлеген емтиханы. Емтиханға 160 көпсалалы сұрақтар кіреді, олардың көпшілігі сынақтан өтушінің есіне түсіріп қана қоймай, медициналық ғылым бойынша базалық білімін қолдану қабілетін бағалау үшін клиникалық виньетка түрінде ұсынылған. Сұрақтар келесі салаларды қамтиды: анатомия, биохимия, гистология және жасуша биологиясы, микробиология, ағза жүйелері, патология, фармакология, физиология.
Бұл емтихан Резидентура бағдарламасына түсу талаптарының бірі болып табылады. Баламасы - USMLE Step 1.
GRE, GMAT және ALEKS тестілеріне қойылатын минималды талаптар қандай және оларды қайда тапсыруға болады?
GRE, GMAT және ALEKS тестілеріне қойылатын ең төменгі талаптар жоқ.
Барлық нақты ақпаратты GRE, GMAT сілтемесінен табуға болады.
ALEKS тесті Назарбаев Университетінде тапсырылады немесе онлайн (Мектепке байланысты). Емтиханға шақыруды Қабылдау комиссиясының хатшысы жібереді. Үміткерлердің бекітілген күндер тізімінен тест тапсыру күнін таңдау мүмкіндігі бар.
Инженерлік Менеджмент магистрі бағдарламасының белгіленген күні бар және оны Мектеп бекітеді.
Кім маған ұсыным беруші бола алады?
Ұсыным хат беруші ретінде Сізбен академиялық салада жұмыс істеген және Сізді білім алушы ретінде танитын профессорлар, ғылыми жетекшілер, оқытушылар, декандар болуы мүмкін немесе Сізді кәсіби жағыңыздан білетін жұмыс берушілер, әріптестер, стратегиялық әріптестер және т.б. бола алады.
Ұсыным хаттарды беру рәсімі қандай?
Онлайн өтініміңізді аяқтап, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» түймешесін басқаннан кейін, Сіз сауалнама нысанында көрсеткен ұсыным берушілеріңіздің электрондық пошталарына сілтеме жіберіледі. Бұл сілтеме ұсыным хатын екі әдіспен тапсыруға мүмкіндік береді.
Бірінші әдіс бойынша, ұсыным беруші ұсыным хатын Назарбаев Университетіне өз ұйымының корпоративті поштасынан жібереді. Электронды мекенжайға келген сілтемені басу арқылы ұсыным хаттың электронды нысанын толтыру қажет.
Екінші әдіс ұсыным берушінің корпоративтік поштасы болмаған жағдайға арналған. Бұл ретте, ол ұсыным хатты өзі қызмет ететін ұйымның шығыс нөмірі мен күні көрсетілген фирмалық бланкісінде дайындауы қажет. Хат сканерленіп, сілтемені басу арқылы жүктеледі. Ұсыным берушілерге хатты дайындауға берілетін уақыт - 7 күн.
Егер менің ұсыным берушім хатты дайындаудан бас тартса, мен оны басқамен ауыстыра аламын ба?
Бұл жағдайда, сауалнама нысаныңыздың жоғарғы оң жақ бұрышында көрсетілген электрондық поштаға хат жіберу қажет. Басқа ұсынушының аты-жөні, электрондық пошта мекенжайы, лауазымы, ұйымы мен телефон нөмірін жазыңыз және Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтінім беру нысанындағы ақпаратты ауыстырады.
Докторантура бағдарламасына түсу үшін ғылыми зерттеу тақырыбын қалай таңдауға болады? Докторантура бағдарламасында айналысқым келетін зерттеулер Университетте жүргізілетінін қалай білуге болады?
Ғылыми зерттеу тақырыбын білу үшін Сізге тиісті Мектептің сайтына кіріп, профессорлардың профайлдарын және олардың зерттеу тақырыптарын қарау қажет. Сол зерттеулердің арасынан Сізге ең жақын және қызықты болып табылатын тақырыпты тұжырымдау қажет. Сондай-ақ, Сіздің Мектеп профессорларының жыл бойы өткізетін ашық лекциялары мен сессияларына, ашық есік күндеріне қатысу мүмкіндігіңіз бар. Бұл - өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға және ғылыми негіздемені дайындау бойынша пайдалы кеңестер алуға керемет мүмкіндік.
Мотивациялық хаттың мазмұнына қойылатын талаптар бар ма?
Хаттың мазмұнына қойылатын талаптар жоқ. Хаттың мазмұны Сіздің авторлық жобаңыз болып табылады. Интернетте, соның қатар сайттында open.nu.edu.kz, мотивациялық хатты қалай дұрыс дайындау бойынша кеңес беретін ресурстар өте көп. Бағдарламалардың талаптарына сәйкес хаттың көлемі 1 беттен немесе 500 сөзден аспауы керек.
Жұмыс өтілімді қалай растауға болады?
Егер жұмыс тәжірибесі бағдарлама үшін қосымша талап болса, түйіндемеңізді ұсына аласыз. Ал егер жұмыс өтілі міндетті талап болса, онда ресми құжаттар қажет болады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбегін растайтын құжат ретінде төмендегінің кез-келгені қарастырылуы мүмкін:
Резидентура бағдарламасына құжат тапсыру үшін қандай диплом қажет?
Резидентура бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін Медицина докторы дипломы немесе Дүниежүзілік медициналық мектептер анықтамасына (World Directory of Medical Schools) сәйкес танымал университетте алынған балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеу дәрігері ретінде іс-тәжірибемен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін ең жоғары деңгейдегі медициналық біліктілік) қажет.
Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін бастапқы медициналық білімнің болуы қажет пе?
Бастапқы медициналық білімнің болуы міндетті критерий емес, алайда мотивациялық хатта неліктен бұл бағдарламада оқығыңыз келетіндігін негіздеуіңіз қажет.
Магистратура мен докторантурадағы стипендияның мөлшері қандай?
200 000 теңге – магистратура бағдарламаларының студенттері үшін
123 122 теңге - Резидентура бағдарламасының студенттеріне
240 000 теңге – докторантура бағдарламаларының студенттері үшін*
*Докторантура бағдарламаларының студенттері бағдарламаға байланысты жалақысы 600 АҚШ долларынан басталатын зерттеуші ассистенттері (RA) және оқытушы ассистенттері (GTA) ретінде де жұмыс істей алады.
Бағдарлау апталығына қатысу міндетті ме?
Бағдарлау апталығына қатысу Назарбаев Университетке оқуға қабылдану үшін міндетті талап болып табылады.
Ақылы негізде оқуға түсетін студенттерге қандай-да бір жеңілдіктер бар ма?
Жеңілдіктер (қаржыландыру көмегі) туралы ақпаратты Bursars офисіне хабарласу арқылы алуға болады: bursars_office@nu.edu.kz.
Жатақхана туралы ақпаратты қайдан білуге болады?
Сіз жатақхана мәселесі бойынша Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіне хабарласа аласыз - student_housing@nu.edu.kz
Өткен жылдары магистратура мен докторантураға қанша студент қабылданды?
Сіз бұл ақпаратты Статистика бөлімінен таба аласыз - Магистратура, Докторантура.
Магистратура/докторантура бағдарламасында НУ-да оқыған және өз еркімен оқудан шығарылған адамдарға қайта түсуге шектеулер бар ма?
Өз қалауы бойынша оқудан шығарылған студент Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін оқудан шығарылған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін ғана өтініш бере алады. Бұрын Назарбаев Университетінде өткен пәндерді қабылдаумен сол бағдарламаға (re-admission) қайта қабылдану үшін Регистратор офисімен хабарласу қажет - registrar@nu.edu.kz. Қайта қабылдау рәсімі Университеттен шығарылғаннан кейін 5 жыл ішінде қолданылады. Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылынан шығарылғандар қайта қабылдау үшін қарастырылмайды.
Магистратура/резидентура/докторантура бағдарламасын аяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу міндеттемесі бар ма? Қандай талаптар мен жағдайлар көзделген?
Назарбаев Университеті, Қазақстанның барлық білім беру мекемелері сияқты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ұстанады. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік грант қаражаты есебінен білім алған Қазақстан азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.
Кепілдік жарна дегеніміз не және қайтарылатын міндетті Кепілдік жарнаның мөлшері қандай?
Кепілдік жарна - үміткерге жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға қабылдау орнын қамтамасыз ететін міндетті төлем.
Оқуға шақыру хатын қабылдаған жағдайда, үміткерлер 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде қайтарылатын міндетті Кепілдік жарнаны төлеуі керек.
Міндетті кепілдік жарна сомасын қайтару шарттары қандай?
Міндетті кепілдік жарнаны қайтару үшін келесі жиынтық шарттар орындалу қажет:
1) Назарбаев Университетінде оқыту бойынша қызметтерді көрсету шартын екіжақты қол қою;
2) студенттің бағдарлау апталығына қатысуы;
3) cтуденттің бірінші семестрді жақсы академиялық үлгеріммен аяқтауыі.
Кепілдік жарна бағдарламаның екінші семестрі басталғанға дейін үміткер/студент қайтыс болған жағдайда жоғарыда көрсетілген шарттарды орындамай қайтарылуы мүмкін.
Кепілдік жарна бағдарламаның екінші семестрінде банктік картаға ақша аударымы арқылы қайтарылады, оны университет оқуға түскен студентке шығарады.