Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламалары бойынша қандай мамандықтарды ұсынады?
Мамандықтар тізімі мына сілтемеде «Бағдарламалар» бөлімінде орналасқан. Бакалавриат бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінім тапсырғанға дейін, Назарбаев Университеті Мектептері ұсынатын мамандықтар тізімімен танысуыңызды өтінеміз. Себебі, оқуға түсу талаптары таңдаған Мектеп пен санатқа байланысты болады.
Бакалавриат бағдарламасына тікелей түскісі келетін талапкерлерге арналған әрекеттер реті қандай?
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкерге келесіні орындау қажет:
Оқуға түсу кезінде бірнеше Мектеп және/немесе мамандық таңдауға болады ма?
Иә, талапкер екі Мектеп немесе мамандықты таңдай алады. Дегенмен Мектепті екінші таңдау ретінде көрсеткен талапкерлер Мектептің өтініші бойынша ғана қарастырылады.
Егер талапкер Назарбаев Университеті Мектебінің бірінші таңдауы бойынша оқуға түспесе, талапкерді оның екінші таңдауы бойынша қарастыра ма?
Екінші мамандық таңдау тек Мектептің өтініші бойынша қарастырылады. Басымдық – талапкердің бірінші таңдаған мамандығы.
Студент оқуға түскеннен кейін мамандығын және Мектебін ауыстыра ала ма?
Иә, бір жылдан кейін ауыстыра алады. Алайда ол үшін талапкер ауысуға ниет білдірген Мектеп Деканының ресми рұқсаты қажет.
Бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмыс істеу керек пе? Қандай талаптар мен шарттар бар?
Назарбаев Университеті Қазақстанның барлық оқу орындары сияқты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік грант есебінен білім алған Қазақстан азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.
Талакерлердің санаттары дегеніміз не және олар неліктен маңызды?
Талапкердің санаты ол оқитын немесе бітірген оқу орнымен немесе ескерілетін жетістіктерімен талапкерлерді қарау кезінде анықталады.
Бакалавриат бағдарламаларына қаржылақ көмек және/немесе грантты алуға конкурсқа қатысуда Назарбаев Университеті келесі санаттарды қарастырады:
Әр санат бойынша қабылдау талаптары әртүрлі. Сондықтан талапкер өзіне сәйкес келетін санатты дұрыс таңдауы қажет.
Талапкер бір уақытта екі санат бойынша онлайн өтінім бере ала ма?
Жоқ, талапкер тек бір санатты таңдай алады.
Қай санат басымдыққа ие? Санаттар арасында гранттар саны қалай бөлінеді?
Гранттар саны санат бойынша үйлестірілмейді. Барлық талапкерлер олардың таңдаған санатына қарамастан бірдей қарастырады. Басымдық санаттың ешқайсысына берілмейді. Мысалы, бағалау әдістемеге сәйкес NIS Grade 12 Certificate бойынша жоғары нәтиже SAT бойынша жоғары нәтиже сияқты бағаланады.
Студент басқа университеттен кредиттерді аудара ала ма?
Иә, болады. Алайда талапкерлердің кредиттерін аударуды Мектеп анықтайды. Ауысу кредиттері ретінде ең көп дегенде 72 ECTS кредит қабылдануы мүмкін.
Назарбаев Университетінен өз еркімен оқудан шығарылған бұрынғы бакалавриат студенттері қайтып оралып, Назарбаев Университетінде оқуын жалғастыра ала ма?
Тәртіптік емес себептермен Университеттен өз еркімен шығарылған Университеттің бакалавриат бағдарламасының бұрынғы студенттері үшін екі ерекше шарт қолданылады:
Назарбаев Университеті бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе және аттестаттың орташа балы ескеріле ме?
Назарбаев Университетіне түсу кезінде ағылшын тілінде тапсырылған ҰБТ баллдары тек жалпы қабылдауда ғана ескеріледі. Ең төменгі талаптар Жалпы қабылдау бөлімінде көрсетілген. Берілген талаптар қаржылай көмек және/немесе гранттар конкурсында қарастырылмайды.
Бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін қандай емтихандар тапсыру қажет?
Талапкер санаттары, қажетті емтихандар мен ең төменгі өту баллдары туралы толық ақпарат мына сілтемеде «Қабылдау талаптары» бөлімінде берілген. NUET-тен басқа барлық емтихандарды талапкерлер өз беттерінше және өз қаражаттары есебінен тапсырады.
NUET емтиханы қайда өтеді?
NUET емтиханы Қазақстан Республикасының 18 қаласында өтеді.
Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін санатты өзгертуге болады ма? NUET емтиханын тапсырғаннан кейін «NUET Талапкерлері» санатын басқа санатқа ауыстыруға бола ма?
Иә болады, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімде санатты өзгертілуі мүмкін. Санатты өзгерту үшін НУ талапкерінің ID нөмірін, undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазыңыз. Сонымен қатар, NUET applicant талапкерлеріне санатты өзгерту талаптары жіберіледі.
NIS Grade 12 Certificate бағалауда қай пәндерге басымдық беріледі және ол пәндердің таңдаған мамандыққа сәйкес болуы маңызды ма?
Мектептің Қабылдау комиссиясы барлық пәндерді қарастырады және бағалайды. Пәндердің басымдығы мен таңдаған мамандыққа сәйкестігі талапкер таңдаған шешіміне байланысты. NIS Grade 12 Certificate санаты бойынша оқуға түскен студенттердің орташа баллдары бойынша статистикалық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.
NIS Grade 12 Certificate санатындағы талапкердің бағалары үш пән бойынша A B B, қалған пәндерден C және одан төмен болса, ол ең төменгі талаптарға сай келе ме?
Ия, сай келеді, өйткені конкурсқа қатысу үшін ең төменгі талаптарға сай талапкерде кез-келген үш пәннен кем дегенде A B B бағалары болуы тиіс.