Жүздеген бірінші курс студенттері мен NUFYP студенттері жәрмеңкеге қатысып, негізгі курстар, мансап мүмкіндіктері және зерттеу тақырыптары туралы білді. Олар болашақ профессорларымен тікелей сөйлесіп, оларға сұрақтар қоюға тамаша мүмкіндік алды. AAO қызметкерлері бірінші курс студенттеріне өз тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісіп, көңілді ойындар, викториналар және бинго карталарын ұйымдастырды. Жәрмеңкеге келушілер мектеп дайындаған арнайы кітапшалармен танысып, академиялық кроссвордты шешіп, тілек тақтасында бір-біріне қолдау білдіретін сөздер қалдыра алды.
Жәрмеңке барысында ұйымдастырушылар қызықты конкурс өткізді. Онда студенттер белсенді түрде сұрақтар қою, физика викториналарын шешу немесе басқа да іс-шараларға қатысу арқылы әр мамандық бойынша стикерлер жинады.
Жеңімпаздарды күннің жабылу шарасы — AAO Talks панельдік пікірталасында жариялап, сыйлықтармен марапаттады. Панельдік пікірталас барысында AAO қызметкері және Студенттік үкіметтің президенті Полина Лен НУ SEDS қауымдастырылңан профессоры Даниэль Малафаринаға, НУ SSH нұсқаушысы Жәмила Ризатаеваға, Томирис Машан, НУ түлегі және НУ SEDS бірінші курс студенттері Едіге Акимали мен Рамеша Тарикқа дұрыс академиялық жолды таңдау, магистр дәрежесінің өзектілігі, білім және мансап жоспарлары туралы сұрақтар қойды.
Бұл пайдалы кеңестер мен жылы шырайға толы шағын іс-шара ретінде өтті. Мамандықтар жәрмеңкесі-бұл университеттің бірінші курсында студенттерді қолдауға және бағыттауға арналған маңызды іс-шара. Осы жәрмеңкеден кейін әркім көңіл көтеріп, оны қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алды деп үміттенеміз.








