Назарбаев Университеті Университет Қауымдастығының барлық мүшелері үшін қауіпсіз, ашық, құрметті және инклюзивті оқу және жұмыс ортасын құруға ұмтылады. Харассментке қарсы іс-қимыл бойынша Саясат харассменттің алдын алу мен харассментке және тыйым салынған іс-әрекеттердің өзге де түрлеріне қарсы іс-қимылдар бойынша Университеттің ұстанымдарын белгілейді, сондай-ақ шағымдар түсу мен оларды қарастыру процедураларын анықтайды. Саясат Университет Қауымдастығының барлық Мүшелеріне қолданылады және әділеттілік, бейтараптылық, құпиялылық, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, өтініштерді уақытылы қарастыру және кек алу әрекеттерінен қорғау сияқты негізгі принциптерге негізделеді.