
Қазақстанда ең төмен температураға қол жеткізілді
Қазақстанда бірінші рет -273,15°С абсолюттік нөлге жақын температура Назарбаев Университетінің физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Смуттың ғылыми тобы тарапынан жасалған.
Соңғы іздеулер:

Қазақстанда бірінші рет -273,15°С абсолюттік нөлге жақын температура Назарбаев Университетінің физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Смуттың ғылыми тобы тарапынан жасалған.

12-13 шілде күндері Назарбаев Университеті Future Energy Forum аясында «Климаттың өзгеруі және СО2 шығарындыларын азайту» атты халықаралық ғылыми және университеттік конференцияны өткізді. Конференция барысында қатысушылар — 4 құрлықтың, 7 жетекші университеттердің, 13 әлем мемлекеттерінің өкілдері климаттың өзгеруіне қарсы күрес аясындағы саяси, экономикалық және халықаралық бастамалары бойынша мәселелерді талқылады.

2017 жылғы 3-6 қараша аралығында Назарбаев Университетінің делегациясы Вьетнамда болды. Сапар барысында делегацияның өкілдері Ханой және Хошимин қалаларының ұлттық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ Вьетнамның Білім беру және кадрларды даярлау министрлігінің Халықаралық білім беруді дамыту департаментінің басшыларымен кездесулер өткізді.

Біз сіздерге университеттің кез келген қонағына арналған кампус гид қызметін бастағанымызды хабарлауға өте қуаныштымыз! Егер сіз өзіңіздің танысыңызға, достарыңызға, жанұяңызға керемет атриумды, зертханаларымызды, кітапханамызды тамашалағыңыз келсе, барлық өтініштеріңізді nu_tours@nu. edu.

8-11 шілдеде Назарбаев Университеті Фудан Университетімен ынтымақтасып Жаһандық басқару бойынша жастардың 11-ші Инновациялық жарысын өткізді, әлемнің 32 елінен 66 студент жиналған жарыстың тақырыбы «Болашақ және орнықты инфрақұрылым энергиясы» болды. Іс-шаралар тақырыбы Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Саммитіндегі төрағалық етуімен, «Болашақ энергиясы» халықаралық ЭКСПО көрмесінің тақырыбымен, «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен және Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасымен байланысты болды.

2017 жылғы 6 қыркүйекте Алматыда Canon компаниясының «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы конкурсы өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «ЭКСПО-2017» Австрия павильонында өтті.

Университетте Астана Банкімен бірлесіп жаңа ойын-спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Оның негізгі бағыттары: Work Out (ашық кеңістікте спортпен шұғылдануға арналған алаң) және Street ball (доп ойындарына арналған алаң).
2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің ХIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтті. Адам капиталын дамыту тақырыбына арналған форумның жұмысына екі ел өңірлерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы сарапшылар мен мамандар қатысты.

8 қарашада 2017 жылы Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының деректері бойынша жарияланымдық белсенділігі және дәйексөздің жоғары көрсеткіштері үшін Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің профессоры Денис Буланин және National Laboratory Astana (NLA), Трансляциялық медицина және өмір туралы ғылымдар технологиялар зертханасының меңгерушісі Тимур Салиев, Флуоресценттік әдістер зертханасының зерттеуші Айнур Какпенова және Биосенсорлар биоқұралдар зертханасының зерттеуші Эльдар Байкен «Leader of Science-2017» («Ғылым көшбасшысы-2017») тәуелсіз марапатының иегерлері атанды. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ және «Clarivate Analitycs» компаниясы бірлесіп жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
Кеше Астанада өтіп жатқан жалпыұлттық көпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін «НӘР» өнімді шығаруға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған өнімді Назарбаев Университеті National Laboratory Astana-орталығының ғалымдары ойлап тапты.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53