
Баламалы энергетиканы дамыту: НУ докторантының ғылыми үлесі
Бүгін біздің сұхбаттасушымыз – «Ғылым, техника және технология /Материалтану және техника» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғаған Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі докторантурасының түлегі Бақытжан Баптаев. Сіздің диссертацияңыз қандай тақырыпты зерттеуге арналған?Менің докторлық зерттеуім 3-ші буындағы күн элементтеріне, атап айтқанда күн бояғыштарымен сенсибилизацияланған күн элементтеріне арналған арзан компоненттер мен әдістерді жасауға арналды.







