
Профессор Пейман Пурафшари мен Технопарк резидентінің жобасы НУ Коммерцияландыру офисінің грантын жеңіп алды
«Қала аумағындағы жерасты коммуникацияларының 3D картасын жасау» жобасы — «KazAeroSpace» технопаркінің резиденті және Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Пейман Пурафшаридің бірлесіп әзірлеуі, НУ Коммерцияландыру офисінің грантын жеңіп алды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл жоба қалалық инфрақұрылымның басты мәселелерінің бірі – жерасты желілерінің нақты орналасуының белгісіздігін шешуге мүмкіндік береді.






