
Назарбаев Университеті студенттерінің 2021 жылғы жетістіктері
2021 жыл Назарбаев Университетінің студенттері үшін жемісті және табысты жыл болды. Студенттер осы жылы жаңа биіктерге көтеріліп, осы жылы көптеген жетістіктерге жетті.
Соңғы іздеулер:

2021 жыл Назарбаев Университетінің студенттері үшін жемісті және табысты жыл болды. Студенттер осы жылы жаңа биіктерге көтеріліп, осы жылы көптеген жетістіктерге жетті.

«PopSci» жобасының бесінші шығарылымының басты қонақтары, ЖӘГҒМ-нің профессорлары Насер Мадани мен с Коффи Адоко, тау-кен өндірісіне қатысты ойландыратын сұрақтарға жауап беруге тырысады: пайдалы қазбаларды зерттеу үшін жануарларды қолдануға бола ма? Құрлықтар козғалады ма? Тау-кен ісіне қанша уақыт болды?«PopSci» бағдарламасының бесінші бөлімінде ЖӘГҒМ профессорлары Насер Мадани мен Амуссу Коффи Адоко тау-кен өндірісі лас жұмыс деген стереотипті жоққа шығарады. «Көптеген адамдар тау-кен өндірісін лас жұмыс деп ойлайды.

ISSAI ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясын жеңіп алды. Microsoft Research PhD стипендиясы — бұл компьютерлік зерттеулер мен есептеу техникасы саласындағы дарынды PhD студенттеріне арналған әлемдік бағдарлама.

«Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар» кітабы – Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сүлейменова, Руслан Қаратабанов, Дункан Пристли және Қайрат Құракбаев бірлесіп жазған, Провост кеңсесінің Институционалдық тиімділік бөлімінің және Жоғары білім беру мектебінің бірлескен жобасы. Авторлар жоғары білім берудің қазіргі рөлі туралы пікірталасқа бастамашы болды және Назарбаев Университетінің тәжірибесіне негізделген жоғары білім берудің негізгі аспектілерін жетілдіру бойынша кеңестер мен ұсыныстар берді.

Назарбаев Университеті мен Берклидегі Калифорния университетінің Энергетикалық ғарыш зертханасының зерттеушілері жұмсақ гамма репитері деп аталатын, сирек кездесетін астрофизикалық көзден сәулелік ұшқындарды сәтті болжады. Михаил Денисен, Брюс Гроссан және Эрик Линдер гамма-сәулелік ұшқындардың ерекше жағдайын (ғарыштық энергия шығарындыларын) тапты.

Екі жыл бұрын Назарбаев Университетінде басталған Sustainability Living Lab бағдарламасы өз географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Университет қоғамдастығының күшімен жасыл бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибені таратуды мақсат еткен Sustainability Living Lab осындай бағдарламаларды Қазақстанның басқа да университеттерінде енгізуге бағытталған.

Пандемия жаһандық денсаулық сақтау пәнінің маңыздылығын көрсетті. Қазіргі таңда осы саланың мамандарының алдында тұрған қиындықтарды және осы мамандардың кәсіби даярлығының маңыздылығын түсіне отырып, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі жаһандық денсаулық сақтау саласындағы Орталық Азиядағы тұңғыш докторлық бағдарламаны жасады.

ISSAI әзірлемесі Wi-Fi сигналдары негізінде жер астындағы кеншілерді табуға мүмкіндік береді. Ақылды технологиялар және жасанды интеллект институтының ғалымдары жерасты жұмыстарын қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін өздерінің әзірлемелері туралы айтып берді.

Бүгінгі күні біздің сұхбаттасушымыз – Әсем Әшімова, Science, Engineering and Technology бағдарламасы бойынша Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің докторанты. Әсем дарынды жастарға ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау ретінде 1992 жылдан бастап жыл сайын берілетін Мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

НУ тобы химия және химиялық технология бойынша XI Бірімжанов атындағы халықаралық конгресс аясында ұйымдастырылған электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Олимпиаданы 2021 жылдың 18 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы өткізді.
© Nazarbayev University
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53