Назарбаев Университеті және эндаумент қоры не үшін қажет?

Назарбаев Университеті құрылған сәтінен бастап ғылымды, білім мен инновацияларды біріктіретін және халықаралық практикаларға негізделген, ТМД-дағы зерттеу университетінің жаңа бағдары мен моделіне айналды. Университет қызметінің негізгі қағидаттары меритократия және академиялық адалдық болып табылады.
Мета – Жібек жолы: AUA жастар форумы НУ-да жұмысын бастады

2022 жылдың 24 қазанында Назарбаев Университетінде «Мета-Жібек жолын құру: нақты және виртуалды әлемде азиялық мәдениеттердің интеграциясы» тақырыбында Азия университеттері альянсының (AUA) Халықаралық жастар форумы басталды. Назарбаев Университеті Альянс мүшелері яғни Азияның сегіз университетінің студенттерін қабылдайды.
Білім саласындағы гендерлік теңдік

2022 жылғы 17-18 қарашада Жоғары білім беру мектебінің профессоры Наурин Дурани «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты конференциясында сөз сөйледі. Конференцияны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігімен және БҰҰ-әйелдер ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.
NU Step to PhD: Маржан Байгалиева, NU SMG постодокторанты

Nu Step to PhD айдарындағы біздің кезекті қонағымыз -Маржан Байғалиева, NU SMG постдокторанты. Маржан 2013 жылы Дублин университетінің колледжінде магистр дәрежесін алды, ал 2021 жылы Ноттингем университетін географиялық информатика саласындағы PhD дәрежесімен бітірді.
НУ-да «Jana Qazaqstan» талқылаулары өтеді

Назарбаев Университетінде «Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігінің отырысы өтті. Бұл ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен ашылған клубтың екінші сараптамалық отырысы.
Ғалым-Ғалам: Паула Думани Дюпюй, NU SSH Қауымдастырылған профессоры

Ол көшпелі мал шаруашылығын зерттейді және биыл 20 жасқа толатын халықаралық Жоңғар тауларының археологиялық жобасының (DMAP) бірлескен директоры және бас сарапшысы. Паула Дюпюй студенттер үшін археологиялық қазбалар мен зерттеу әдістері бойынша жыл сайынғы жазғы дала мектебін өткізеді.
НУ провосты Бішкекте өткен форумда университеттің инновациялық экожүйесі туралы айтты

Пікірталас ұлттық инновациялық экожүйені құрудағы университеттердің рөліне арналды. Назарбаев Университетінің профессоры Адесида Илесанми университеттерге арналған инновациялық экожүйе туралы баяндама жасап, НУ тәжірибесімен және әлемдік тәжірибемен бөлісті.
NU профессорлары әлемдегі ең үздік ғалымдардың 2%-на кіреді

Стэнфорд университетінің зерттеушілері жыл сайын жүйелі библиометриялық зерттеулер негізінде әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Рейтинг екі түрлі деректер базасынан тұрады: біреуі ғалымдардың бүкіл мансап жолына негізделген, екіншісі — өткен жылдағы жетістіктері бойынша.
Назарбаев Университеті академиялық еркіндік тәжірибесін Қазақстан университеттеріне беруде

Қазақстандағы жоғары білім беру реформасы Назарбаев университетінің (НУ) тәжірибесіне негізделген. НУ басқа қазақстандық жоғары оқу орындарымен жұмыс істейді және педагогикада, білім мен ғылымда өзі сынап көрген практикаларды белсенді таратады.
Бразилия Федеративтік Республикасы Елшісінің қонақ дәрісі

Дәріске университеттің барлық қызығушылық танытқан студенттері мен қызметкерлері қатысты. Рубем Корреа Барбоза — 1975 жылы Бразилияның Сыртқы істер қызметіне келген кәсіби Бразилиялық дипломат.