Galym-Galam: Эмиль Байрамов, NU SMG ассистент профессоры

Бізге өз біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып бере аласыз ба?Мен жаратылыстану ғылымы докторы дәрежемді (Геокеңістіктік технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау және қадағалау технологиялары мамандығы) Германиядағы Дрезден технологиялық университетінде, географиялық ақпараттық жүйелер магистрі дәрежемді, екінші география магистрі дәрежемді және география бакалавры дәрежемді Швецияның Лунд университетінде алдым. Мен сондай-ақ Ұлыбритания Корольдік географиялық қоғамының (ГАЖ) дипломды географымын және Канада геоматика институтының қашықтықтан зондтау бағдарламасы бойынша сертификатталған маманмын.
NU тарихындағы бірінші ITF Taekwondo жарысы өтті

1 мамырда Қазақстан халықтары достығы мерекесі аясында Назарбаев Университетінің қабырғасында тарихи оқиға – ITF Taekwondo бойынша алғашқы турнир өтті. Бұл турнирді тамашалау үшін Атлетикалық орталыққа 40-тан астам қатысушы мен 50 көрермен жиналды.
NU-да «Policy Challenge 2022″турнирі өтті

Мемлекеттік қызметкердің бәсекеге қабілетті болуы үшін оның қоғамдағы белсенділігі мен отанға деген сүйіспеншілігі бірінші орында тұруы керек. Осы қағидатты ұстана отырып, елордада бас қосқан студенттер мен жас мамандар, қазылар алқасының назарына мемлекеттік қызметтегі өзекті мәселелердің оңтайлы шешімдерін ұсынды.
«Policy Challenge 2022» қатысушылары мемлекеттік органдардың жұмысын бағалады

Назарбаев Университетінде НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, КАЗГЮУ және «Болашақ» қауымдастығының студенттері мен түлектері арасында Policy Challenge 2022 сайысы өтті. Турнир барысында топтар Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын зерделеді.
НУ провосты оқушыларға болашақ мамандықты жүрек қалауымен таңдауға кеңес берді

Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу барысында Адесида Илесанми оқушылардың болашақ мамандықты қалай таңдау керектігі туралы сұрағына, олардың жүректерінің қалауы бойынша және қызықтыратын бағытқа назар аударуға кеңес берді. Бұл кездесу Атыраудың үш оқу орнын: химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін, APEC PetroTechnic жоғары колледжін және Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатын аралау аясында өтті.
NU студенттері Каспий теңізін мұнайдан тазарту жобаларында жұмыс істейді

«Молекулалық және геномдық инженерия арқылы біз әртүрлі жаһандық мәселелерді шешуге тырысамыз», — дейді NU SSH студенті Малика Василова. Арсен Оразбекпен бірге ол бактерия штаммдарының ДНҚ құрылымын өзгерте отырып, оларды қажетті заттарды өндіруге бейімдейді.
Астрофизика дегеніміз не?

Назарбаев университетінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінің доценті Даниэле Малафарина Open Access Government журналының оқырмандарына астрофизика туралы айтып берді. Толық мәлімет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NU-не барды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Президентіне ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды.
NU Step to Phd: Азза Хашим Аббас, NU SMG посдокторанты

NU Step to PhD айдарындағы біздің кезекті қонағымыз – Азза Хашим Аббас, NU SMG постдокторанты. Азза 2012 жылы Судан ғылым және техника университетінде (SUST) кен орындарын игеру саласында ғылым магистрі дәрежесін алып, 2018 жылы Малайзияның технологиялық университетінің химия және энергетика мектебінде Мұнай инженериясы саласында докторантураны аяқтады.
Елдер шетелдік инвесторларды тарту үшін әйелдердің экономикалық құқықтарын шектейді

Екі ел арасындағы инвестициялық шарттар әйелдердің экономикалық құқықтарына теріс әсер етеді, деп Назарбаев университетінің Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінің (NU SSH) жаңа зерттеуінде айтылған. Содан кейін үкіметтер қоғамдық тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін әйелдердің саяси құқықтарын жақсартады.