NU Провосты Илесанми Адесида 2022 жылғы IEEE EDS Білім беру сыйлығын алды!

Электротехника және электроника инженерлері институты (IEEE) — технологияны дамыту бойынша әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым. IEEE және оның мүшелері үнемі жоғары сілтемелі мақалаларды жариялайды, конференциялар, ғылым мен технология әлемін ілгері жылжытатын кәсіби және білім беру іс-шараларын өткізеді.
Samsung Innovation Campus Хакатонында NU студенттері жеңіске жетті

Назарбаев Университетінің студенттері беделді Samsung Innovation Campus Хакатонында «Бағдарламалар мен қолданбалар» және «Ақылды құрылғылар» номинациялары бойынша бірінші орын алды. Берілген 24 сағаттың соңында жобалар білікті қазылар алқасының алдында қорғалды.
NU және Халифа Университеті COP28 кезінде ынтымақтастық туралы бірлескен Мәлімдемеге қол қойды

2023 жылдың 2 желтоқсанында Дубай қаласында (БАӘ) өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 28-ші конференциясында (COP28) Назарбаев Университеті мен Халифа Университеті ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл мәлімдеме екі институттың климаттың өзгеруінің өзекті жаһандық мәселесін шешуге деген ортақ міндеттемесін көрсетіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды қарастырады.
Назарбаев Университеті Әзірбайжанның ADA Университетімен ыңтымақтастық орнатты

Тараптар екі университет арасындағы академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми жобалар, кәсіби дамуды күшейту, студенттермен алмасу және жазғы мектептер бойынша ынтымақтастық және тағы да басқа бағыттарын белгіледі. 2022 жылдың қыркүйегінде Жаһандық қатынастар офисінің басшысы Алия Каймолдинова бастаған NU өкілдері Әзірбайжандағы орналасқан университеттерімен институционалдық байланыстарды орнату мақсатында іссапармен ADA Университетіне барды.
Қазақстандық студенттердің «жасыл» жобалары көрсетілді

Наурыз айынының 28-29 жұлдыздарында Қазақстанның жоғарғы оқу орындар өкілдерінің қатысуымен Sustainability Living Lab (SLL) Бағдарламасының Конференциясы өткізілді. Бұл бағдарламаны Шеврон компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты Даму Офисі мен «National Conservation Initiative» Корпоративті қоры жүзеге асырады.
ҚР Президенті К. Токаев UMC корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

2023 жылғы 03 шілде күні Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.
Баспасөз мәлімдемесі

2023 жылдың 2 ақпанында Назарбаев Университетінің студенті өзінің TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында студенттердің әлеуметтік желілерде кибер қудалау нысандарын қолдануының ықтимал жағдайлары туралы бейне хабарламасында шағымданды. Аталған хабарламалар 2022 жылдың наурыз айында Telegram чатында жіберілді.
Қауіпсіздік саясаты: Эстонияның тәжірибесі

Эстония Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті Бас директоры Марге Мардисалу-Кахар ханым Назарбаев Университетінде «Эстонияның қауіпсіздік саясатының жолы» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды. Дәріс университет студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне арналды.
Тағы да халықаралық рейтингте: NU-дің мамандықтары Қазақстан бойынша үздік деп танылды

Бағалаудың екі жүйесі де маңызды зерттеулер, халықаралық басылымдар мен университетті интернационалдандыруда үлкен рөл атқаратын алдыңғы қатарлы әдістерді пайдаланады. 26 қазанда Times Higher Education (THE) университеттердің пәндер/мамандықтар бойынша рейтингін жариялады.
Назарбаев Университеті Presight AI компаниясымен келісімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияның БАӘ, Дубай қаласына сапары барысында COP 28 климаттық саммиті аясында Назарбаев Университеті мен Presight AI ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Мұндай келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстандағы бизнес пен ғылыми мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тығыз білім беру, академиялық және коммерциялық байланыстарды дамытуға негіз жасау.