Фаил Сұлтанов: «Ғалымның басты мақсаты – еңбегінің нәтижесін көру»

Қазіргі таңда әлемдік ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттер мен міндеттердің бірі – энергияны сақтау мен берудің тиімді технологияларын жасау болып табылады. Бұл бағытта ғылыми орталықтар, компаниялар мен корпорациялар бір-бірімен бәсекеге түседі.
NU Медицина мектебінде биомедицина мен генетикадағы соңғы жетістіктер талқыланды

2023 жылғы 13 наурызда Астанада Назарбаев Университетінің Медицина Мектебі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Генетика және физиология институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулердің даму перспективалары» ғылыми конференциясы өтті. Қазақстандағы биомедициналық және генетикалық зерттеулерді дамытуға арналған конференцияда қатысушылар ағымдағы үрдістер мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ осы саланың сарапшылары идеяларымен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасты.
AQ soile жобасына түрколог, NU профессоры Юлай Шамилоғлы сұхбат берді

Әңгіме қазақ тілінің мәртебесіне, отарлаудан кейінгі өткен дәуірдің халықтардың мәдениеті мен тіліне тигізген әсері, Алтын Орданың құлау себептері, сондай-ақ, түркі халықтарын біріктіру мүмкіндіктеріне байланысты сұрақтардың төңірегінде өрбіді. Профессор латын әліпбиіне көшу бастамасы күрделі мәселеге айналғанын да айтты, өйткені Қазақстан латын графикасын қабылдаған түркі тілдес халықтарының қолданысындағы әліпбиіне ұқсамайтын жол іздеуде деді ол Halyq Uni-ге берген сұхбатында.
«Ашық әрі идеяшыл» — жұмыс берушілер NU түлектері туралы

2023 жылдың 10 наурызында «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ студенттердің кәсіптік тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке қызмет бағыттарына бөлінді, олардың ең ірілері: машина жасау, IT секторы, білім беру, денсаулық сақтау, консалтинг, мұнай-газ өнеркәсібі, геология.
Генетикалық зерттеулерді Қазақстанда жасатуға болады.

Бұл туралы биомедицина саласының ғалымдары бас қосқан конференцияда айтылды. Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде еліміздегі биомедициналық және генетикалық зерттеулердің даму барысы талқыланды.
NU сейсмикалық төзімділік және ғимараттарға арналған смарт-шешімдер мәселелерімен айналысады

Назарбаев университет қабырғасында Кореяның азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты (KICT), ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Назарбаев Университет» ДББҰ, сондай-ақ «Қазақстан жобалаушыларының Республикалық одағы» ЗТБ бірлескен меморандумға қол қойды. Тараптар бұл құжат Қазақстан мен Оңтүсік Корея арасындағы стратегиялық әріптестігін кеңейтетініне сенімді.
Ерлер басым салаларда өркендеген әйелдер

Солардың бірі – Назарбаев университетінің ассистенті Мариза Цакалеру. Мариса инженерлік саласында әйелдердің кездесетін қиындықтары туралы айтып, осы саладағы әйелдерге қажетті дағдылар туралы кеңес береді.
Өзіңіз басынан өткеріп, басқа адамды түсінесіз

NU Жоғары білім беру мектебінің түлегі Әсем Тәжиева ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған жеке жобасы – Ozim Platform мобильді қосымшасын жасау тәжірибесімен бөлісті. Қолданба Android және IOS негізіндегі смартфондар үшін қол жетімді.
Халықаралық әйелдер күні сіз үшін нені білдіреді?

Әйел басшылар Fortune 500 тізімінде небәрі 53 орынға ие болса, 10 пайыздан астам ғана, бұл сан бұрынғыдан жоғары. Бұл аралас сезімдерді тудырады: қол жеткізілген прогреске мақтаныш және бәрі әлі жоғалмағанына келісу.
NU Профессордың қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу туралы кітабы Нью-Йоркте жарық көрді

6 наурызда Назарбаев Университеті кітапханасында Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры Гүлнәр Омарбекованың “Қазіргі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу цифрлық, танымдық, әдеби және экологиялық бағыттар” атты кітабының тұсаукесері өтті. Мақал-мәтелге арналған зерттеулер жинағы Питер Ланг (Нью-Йорк) баспасында 2022 жылы жарық көрді.