«Алтай әлемінің» сырларын зерттеу: ғылыми көзқарас

2023 жылғы конференция тақырыбы: «Алтай әлемін зерттеудің жаңа көздері». Отырыс шеңберінде Халықаралық Түркі академиясы Моңғолияда 2022 жылы табылған археологиялық олжалар, көне түркі тіліндегі руникалық жазбалар, оның ішінде «түрік» атауының ең ерте пайда болуы туралы тарихшы Базылхан Н.
NU ғалымдары органикалық фотоэлементтердің жаңа қасиетін ашты

Ассистент-профессор Виктор Брустың жетекшілігімен Физика департаментінің ғылыми тобы қарқынды дамып келе жатқан коммерциялық және ғылыми ғарыштық бағдарламаларда қажет заманауи радиацияға төзімді оптоэлектрондық және фотоэлектрлік құрылғыларды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізуде. Органикалық фотодиодтар мен фотоэлементтер үнемді және аса жеңіл оптоэлектронды және энергия жинақтаушы құрылғыларды өндіруде пайдалану үшін перспективалы болып табылады.
2023 жылғы NU Оқыту Саласындағы Сыйлығын бірнеше ұстаз алды

Үміткерлер өздерінің Мектептері немесе Департаменттерімен бағаланып, Университеттің Оқыту және білім беру комитеті оларға қорытынды баға берді. Комитетінің алдында жеңімпаздарды таңдауда қиын тапсырма тұрды, себебі үдерістегі бәсекелестік жыл сайын артып келуде.
Ғылым мен өндіріс арасындағы ынтымақтастық: NU NLA және ArcelorMittal бірлескен зерттеулерді бастады

Назарбаев Университетінің NLA Жетілдірілген сенсорлар зертханасы және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы көмір кеніштеріндегі метан шығарындыларын болжау және модельдеу саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен зерттеулерді бастады. Жақында «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің топ басшылығы Астана ұлттық зертханасының Жетілдірілген сенсорлар зертханасында болды.
Жатақхана «жыры» жалғаса ма?

Орын тапшылығы рейтингін Алматы мен Астана қалалары және Түркістан облысы басқарып жатыр. Мақалада Назарбаев Университетінің жатақханасы туралы да мәлімет берілген.
NU және ҚБТУ студенттерінен құралған топ Google хакатонында ондыққа енді

ReVita мобильді қосымшасын жасаған Қазақстан командасы жаһандық Google Solution Challenge хакатонында үздік ондыққа енді. Бұл туралы Forbes.
Ш. Катсу: Назарбаев Университетінің болашағы, ғылымның дамуы және білім беру үрдістері туралы

Танымал YouTube Baitassov Live жобасының қонағы болып Назарбаев Университетінің негізін қалаушы Президенті Шигео Катсу шақырылды. NU Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары зерттеу университетінің 13 жылдағы даму нәтижелері туралы, күзде Times Higher Education рейтингіне ену туралы, білім берудегі ең маңызды тенденциялар және AI дамуы туралы ойларымен бөлісті.
NU GSB және Дьюк Университетінің FUQUA бизнес мектебі стратегиялық серіктестік құруда

2023 жылдың 10 маусымында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі мен Дьюк университетінің FUQUA бизнес мектебі 2023-2026 жылдарға арналған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осы серіктестік аясында Мектеп ішіндегі оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар, бірлескен зерттеулер, конференциялар мен симпозиумдар өткізіледі.
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл…» — Ш.Катсу түлектерді Абай насихаттаған «толық адам» болуға шақырды

2023 жылғы 10 маусымда Назарбаев Университетінде (NU) 9-шы салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Университеттің бас залына 2000-нан астам адам жиналды, олардың арасында студенттердің өздері, туған туыстары, құрметті профессор-оқытушылар құрамы, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі ұлттық компаниялардың басшылары және көптеген басқа да қонақтар жиналды.
«Аймаққа құрылымдық реформалар қажет» — ХВҚ басшысы К. Георгиева студенттерге дәріс оқыды

2023 жылдың 8 маусымында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры және төрайымы Кристалина Георгиева Назарбаев Университетіне (NU) құрметті қонақ ретінде келіп, қазақстандық жастармен қызу және шабыттандыратын пікірталасқа қатысты. Кавказ және Орталық Азия (КОА) елдерінде неғұрлым тұрақты, инклюзивті және жасыл экономикаға қол жеткізу жолдарын іздеуге арналған кездесуді NU президенті Шигео Катсу жүргізді.