Nazarbayev University Advance HE халықаралық жоғары білім беруді дамыту бағдарламасының мүшесі болды

Серіктестіктің негізгі бағыттары NU қызметкерлері үшін стипендиялық бағдарламаларға (fellowships) өтініш беру мүмкіндігін ашу және 2025 жылы Advance HE аккредитациясын алу мақсатында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу болады. Университет Advance HE-мен 7 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, оның ішінде «Professional Certificate of Academic Practice» бағдарламасын жүзеге асырып, зерттеушілердің дамуына қолдау көрсетуде.
UMC ТМД-да халықаралық аккредитациядан өткен алғашқы Академиялық медициналық орталық болды

NU Медицина мектебі дәрігерлердің, медбикелердің, биомедициналық ғалымдар мен инноваторлардың болашақ буынын даярлау, сондай-ақ Қазақстанда денсаулық сақтау сапасын арттыру жөніндегі өз миссиясында жаңа межеге жетті. «University Medical Center» корпоративтік қоры (UMC), NU медицинасының негізгі элементі, биомедициналық инновациялар, білім беру және пациенттерге күтім жасау университетінің экожүйесі, Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және ТМД-дағы алғашқы академиялық медициналық орталық (АМО) ретінде Joint Commission International (JCI) толық халықаралық аккредитациясын алды.
Юрий Пя мен Жұмабай Бәкенов ҚР ҰҒА академиктері болып сайланды

ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен бекітілген сайлау ережелеріне сай Академиктердің жалпы жиналысының шешімі бойынша сегіз ғалымға академик мәртебесі берілді. Олардың ішінде NU жанындағы «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Владимирович Пя және NU-дың Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры, техникалық ғылымдар докторы Жұмабай Бекболатұлы Бәкенов бар.
NU және NLA ғалымдары мемлекеттік сыйлықтар пен ғылыми стипендияларға ие болды

Барлығы 80-нен астам адам, оның ішінде Nazarbayev University (NU) мен Ұлттық зертхана Астана (NLA) ғалымдары марапатталды. Жыл қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік зерттеуі үшін Қ.
Американдықтар қазақ мәдениетімен танысуда

2023 жылы Миддлбери колледжімен бірге іске қосылған «Шетелдік студенттерге арналған орыс тіліндегі бағдарлама» АҚШ-тан келген студенттерге Қазақстанда семестр бойы оқуды ұсынады. Американың әртүрлі аймақтарынан, соның ішінде Нью-Йорк, Огайо, Теннесси, Массачусетс және т.
Climate Week: Қазақстан студенттері эко-активизмді қалай дамытып жатыр

Бұл шараны NU Тұрақты даму офисі, «National Conservation Initiative» Корпоративтік қоры және NU Green Campus ұйымдастырды. Фестивальге еліміздің алты университетінің студенттері мен оқытушылары: Қарағанды мемлекеттік университеті (КарУ), Солтүстік Қазақстан университеті (СКУ), Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ), Көкшетау университеті, Қазақ агротехникалық университеті (ҚазАТИУ), Қызылорда университеті және NU — шамамен 30 адам қатысты.
Медицина мектебі мен Vi-ORTIS аналитикалық компаниясы арасындағы меморандум

Vi-ORTIS – бұл фармацевтикалық нарықтың жай-күйі мен оның трендтері туралы өзекті деректерді 20 жылдан бері ұсынып келе жатқан алғашқы отандық компания, ол сондай-ақ фармацевтикалық сектордағы ғылыми жобаларға қолдау көрсетеді, өз деректерін білім беру бағдарламалары және түрлі кейстермен үйлестіреді, студенттерді нақты нарықтық міндеттерді шешуге дайындайды. Меморандум денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыру үшін ғылыми, білім беру және технологиялық әлеуетті интеграциялауды, атап айтқанда, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен білім беру процесі мен практикалық қызметке озық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жобаларды, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту үшін конференциялар, мастер-кластар, семинарлар, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жақсарту және студенттерді фармацевтикалық нарықтың нақты мәселелерін шешуге дайындау үшін VI-ORTIS аналитикалық құралдарын пайдалануға үйретеді.
NU зерттеушілері Қазақстанның жас ғалымдарының «Жас Сәтбаевшылар» I конгресіне қатысты

Бұл Конгресс көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Іс-шараға Қазақстанның 1000-нан аса жас ғалымдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде табысты қызмет етіп жүрген қазақстандық жас зерттеушілер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, елдегі ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.
NU студентері Үндістанда өткен AUA-ның биылғы жастар форумына қатысты

Форум «Дәрі-дәрмек пен дербес медицинаны дамытуға жаңа көзқарас» тақырыбына арналып, денсаулық сақтау саласындағы озық жетістіктерді зерттеуге бағытталған практикалық семинарлар мен кездесулерді қамтыды. Форумға Азия елдерінің университеттері альянсына (AUA) мүше оқу орындарынан 30-дан астам студент қатысты, олардың қатарында NU-дың Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінен Ілияс Изнат, Диана Бекешова, Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінен Әлтайыр Қосымбаев, Досбол Еран, сондай-ақ Медицина мектебінен Диана Найман бар.
Аслан Саринжипов: Білім сапасы-мұғалім сапасы

Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесіндегі орнатылған реформалар отандық білім беру жүйесімен салыстырғанда оң нәтиже бере бастады. Zakon.