Назарбаев Университеті және әлемге әйгілі Берклидегі Лоуренс Ұлттық зертханасы (Lawrence Berkeley National Laboratory) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Назарбаев Университетінде Ұлттық зертхана құрылып жатыр. Осыған орай «Назарбаев Университеті» ДБҰ Президенті Шигео Катсу және Вице-Президент Қанат Байғарин Берклидегі Лоуренс Ұлттық зертханасына барып қайтты (Lawrence Berkeley National Laboratory USA), сол жерде Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға қол қойылды.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі өзінің алғашқы магистірлерін шығарды.

Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі өзінің алғашқы магистірлерін шығарды. Университеттің 46 студенті жоғары және орта білімдегі мамандандырумен білімді басқару саласында ғылым магистрлері атанды.
Назарбаев Университетінің студенттері математика бойынша ХХI халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша бір күміс, екі қола жүлдеге ие болды.

Назарбаев Университеті студенттерінің командасы 2014 жылғы 29 шілде мен 5 тамыз аралығында Благоевград қаласында (Болгария) өткен, әлемнің 51 елінен келген 73 команда атсалысқан математика бойынша ХХI халықаралық олимпиадаға қатысты. Бұл олимпиада ең жоғары беделге ие болған студенттерге арналған халықаралық математикалық олимпиадалардың бірі болып табылады.
Қазақстанда «Global Impact Competition» атты конкурс тұңғыш рет ұйымдастырылды және оның жеңімпазы АҚШ-тағы NASA ғылыми паркінде тағылым және тәжірибе алуға аттанды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Сингулярити Университетінің қолдауымен (Singularity University) Глобальды Үлес Конкурсы «Global Impact Competition» Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылды. Конкурс жас зерттеушілерге АҚШ-тағы силикондық алқапта орналасқан NASA ғылыми паркінің әлемге әйгілі ойшылдарынан тағылым алуға мүмкүндік береді.
Cергей Терещенко мырза, Қазақстан Республикасының тұңғыш премьер-министрі, Жоғары бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасындағы қатысушыларының алдында дәріс өткізді.

Cергей Терещенко мырза, Қазақстан Республикасының тұңғыш премьер-министрі, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасындағы 2013-2014 оқу жылы қатысушыларының алдында дәріс өткізуге келісім білдірген. Мамырдың 24-ші жұлдызында Терещенко мырза өте қызықты сессия ұсынып, содан соң сұрақтарға жауап берді.
NURIS пен Технопарктың ASTEX-2014 көрмесінде!

NURIS пен Технопарктың жобалары 19-20 мамыр күндері ҚазМедиаОрталығында өтетін ASTEX — Astana Smart Technologies Exhibition көрмесінің алаңында көпшілік назарына ұсынылды. ASTEX-2014 көрмесінің көлемінде Робототехника және Компьютерлік ғылымдар лабораториялары келесі жобалармен таныстырды: — Деректерді талдаудың және бейнелеудің заманауи технологиялары; — «AR Book» бағдарламасы — толықтырылған шындық технологияларын қолданудың мысалы;- Ақпарат беру қызметтері үшін арналған қазақ тілін танитын интеллектуалды дауыс жүйесі; — Табиғи тілді компьютерлік өңдеудің әдістері;- Қазақ тілінің ашық корпусы;- Мобильдік манипулятордың иннерциалық қозғалыстар арқылы жүзеге асырылытан телеоперация жобасы.
Канадада өткен Салыстырмалы және халықаралық білім қоғамы ұйымдастырған 58-ші жыл сайынғы Конференцияға Назарбаев Университеті қатысты

Үстіміздегі жылдың 10-15 наурыз айында Салыстырмалы және халықаралық білім қоғамы (CIES 2014) ұйымдастырған 58-ші жыл сайынғы Конференцияға Назарбаев Университеті қатысты. Биылғы жылы «Барлығына тең білім беруге жаңа көзқарас» тақырыбында өткен Конференцияда білім берудің барлық деңгейлерінде тең мүмкіндіктер жасау мәселелерін қозғайтын зерттеу жұмыстарына баса назар аударылды.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенттері мен мұғалімдері өз зерттеу жобаларын таныстырған ІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындылары шығарған

2014 жылдың 29-қарашасында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) студенттері мен мұғалімдері өз зерттеу жобаларын таныстырған ІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындылары шығарған. Конференция мақсаты студенттер арасында ғылыми қызметті насихаттау және студенттер мен мұғалімдік-профессорлық ұжым арасында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы өзекті сұрақтарды талқылау үшін диалогтық алаң құру болып табылады.
2014-2015 оқу жылына Назарбаев Университетінің Университет дайындық бағдарламасына оқуға түсу емтихандарына тіркелу ұзартылды

Назарбаев Университеті Университетінің Университет дайындық бағдарламасына оқуға түсу емтихандарына тіркелу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Өтініштерді 2014 жылғы 2 ақпан, сағат 23:59-ға дейін онлайн түрінде беруге болады.
Назарбаев Университеті Медицина мектебіне қызметкерлер алу туралы хабарландыру

Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан орталығы – Астана қаласында 2014 жылы негізі қаланған Назарбаев Университетінің Медицина мектебі Биомедицина ғылымы департаментіне нұсқаушылар қабылдайды. Биомедицина ғылымы, оның ішінде микробиология, жасуша биологиясы, фармакология, биохимия, иммунология, патология, генетика, анатомия, популяциялық медицина және қоғамдық денсаулық саласында тәжірибесі бар үміткерлерге өтініш беру ұсынылады.