Элен Тибо

Департамент
Саясаттану және xалықаралық қатынастар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Ассистент Профессор
Кеңсе
8.507A
Электр. пошта
helene.thibault@nu.edu.kz

Мен діни плюрализмды зерттеу кафедрасында және Монреаль Университетіндегі халықаралық оқулар орталығында постдокторлық оқуымды бітіргеннен кейін, 2016 жылдың күзінде Назарбаев Университетіне жұмысқа орналастым. Сонымен қатар Назарбаев Университетіне келгенге дейін Монреаль және Оттава университеттерінде дәріс оқыдым. Оған қоса Брюссель Университетінің дипломы бар.

Мен этнография, дін, секуляризм және кеңес одағының мұрасы салаларында маманданамын. Менің зерттеу қызығушылықтарым діни бірегейлікті, әсіресе Орталық Азия елдерінде тәуелсіздік алған сәтінен  бастап исламның өсіп келе жатқан маңызын зерттеуге бағытталған. Менің қазіргі жобаларым қоғамның қайта дәстүрлену кезіндегі Тәжікстандағы еңбек миграциясы мен полигиния арасындағы байланысты қарастырады. Қазір полигиния тақырыбында мақала қарастырылуда.

Зерттеу жұмыстарынан басқа мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлесіп, Украинадағы бірнеше сайлау бақылауларына қатысып, бұрынғы КСРО мемлекеттерін араладым.