Басқару

ДББҰ “Назарбаев Университеті” Жарғысы

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес Университеттің басқару органдары:

  • Жоғары қамқоршылық кеңес
  • Университеттің Қамкоршылық кеңесі
  • Университеттің атқарушы органдары

Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылады, оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады.Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың даму стратегиясын, жарғыларын; мүлікке билік ету тәртібін бекіту; Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру; Университетті, Зияткерлік мектептері мен Қорды қайта құру немесе тарату жатады.

Университет қызметіне жалпы жетекшілік ететін басқарушы орган Университеттің Қамқоршылық кеңесі. Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жылдық және орта мерзімді бюджеттерді бекіту; Университеттің атқарушы органының сандық құрамын айқындау, олардың басшылары мен мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережелерін бекіту және Университеттің жарғысына сәйкес басқа да өкілеттіктер жатады.

Президент атқарушы орган болып табылатын Басқарушы кеңестің төрағасы. Басқарушы кеңес университеттің бірлесіп шешім қабылдау органы болып табылады, оның құзыретінде университеттің ағымдағы қызметіне басшылық ету, Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңестің тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі туралы ереже

Провост университеттің академиялық және ғылыми мәселелері бойында шешім қабылдайтын Академиялық кеңес мен Ғылыми кеңесті басқарады

Академиялық кеңес барлық академиялық мәселелер бойынша саясатты қалыптастыратын, академиялық стандарттарды, практикалар мен пәндерді реттейтін қағидаларды жасауда және қабылдауда маңызды рөл атқаратын, оқыту пен оқу артуын бақылауды жүзеге асыратын, академиялық дәреже критерийлерін анықтайтын, білім беру бағдарламаларын бекітетін және Мектептердің дамуына жетекшілік ететін негізгі орган болып табылады.

Ғылыми кеңес Университеттің ғылыми және академиялық зерттеулеріне қатысы бар барлық мәселелер бойынша Университеттің саясатын қалыптастыратын негізгі орган болып табылады, ол: зерттеу жүргізу стандарттары мен этикасын әзірлеу жөніндегі шараларды жүргізеді, мақұлдайды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұйымдастырады және басқарады, зияткерлік меншік саласындағы саясатты әзірлейді, сондай-ақ Ғылыми орталықтар мен Мектептер арасында инновациялар мен дамуға, зерттеулерге қатысты қызметті үйлестіреді. Осы үш органның мүшелерін Университет Жарғысым анықтайды.

Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Жоғары қамқоршылық кеңестің Бірінші төрағасы:

Назарбаев Нұрсұлтан ӘбішұлыҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

1

Мамин Асқар Ұзақбайұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

2

Досаев Ерболат Асқарбекұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы

3

Смайылов Әлихан Асханұлы 

Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі 

4

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 

Премьер-Министрдің орынбасары

5

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

6

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 

7

Катсу Шигео 

«Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті

8

Исекешев Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры

Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

1

Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қамқоршылық кеңестің төрағасы

2

Смайылов Әлихан Асханұлы 

Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі 

3

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы

Премьер-Министрдің орынбасары

4

Жәмішев Болат Бидахметұлы

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

5

Катсу Шигео

Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті

6

Айтжанова Ақтоты Маратқызы

«NAC-Analytica» корпоративтік қор басқармасының төрағасы, Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары

7

Кармазина Лена Мағауияқызы

«Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары қамқоршылық кеңесі Хатшылығының кеңесшісі

8

Руби Алан

Пенсильвания Университетіндегі (University of Pennsylvania) аға ғылыми қызметкер 

9

Де Трэй Денис

 «Назарбаев Университеті» ДББҰ Президентінің кеңесшісі

10

Меркель Дэйвид 

«Summit International Advisors» Басқарушы директоры

 11

Старр Фредерик

 Джон Хопкинс атындағы Университет жанындағы Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы

 12

 Йео Филип 

«Economic Development Innovations Singapore» және «Accuron Technologies» компанияларының төрағасы 

 13

 Яннаука Ставрос

 Білім беру жөніндегі дүниежүзілік инновациялық саммиттің (WISE) Бас атқарушы директоры 

Назарбаев Университетінің құрметті қамқоршылар:

 

 Энн Лонсдейл

 Кембридж Университеті (Cambridge University) аға басқарушысының орынбасары

Назарбаев Университетінің Басқарушы кеңесінің мүшелері:

1

Катсу Шигео

Президент

2

Адесида Илесанми

Провост

3

Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы

Атқарушы вице-президент

4

Ежов Владислав Николаевич

Тәуекел және активтерді басқару жөніндегі Вице-президент

5

Құсаин Ерден Шахимарденұлы

Инновациялар жөніндегі вице-президент

6

Даирова Қадиша Нұрділдәқызы

 Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент

7

Нұрғожаева Роза Жеңісқызы

Вице-президент – Бас заң кеңесшісі

8

Пиньятелли Массимо 

Медицина жөніндегі вице-президент – Медицина мектебінің деканы