Провост офисі

Провост офисі оқу және оқытуды жетілдіру бағытындағы академиялық саясатты және бастамаларды дамыту, орындау мәселелеріне институционалдық қолдау көрседеті.

Соның ішінде, Офистің қызмет аясы келесі бағыттырды қамтиды:
– Жалпы университеттік сапаны арттыру мәдениетін жетілдіру;
– Оқыту сапасын арттыру, академиялық бағдарламаларды құру және академиялық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында институционалдық бақылаумен қамтамасыз ету;
– Оқу мен оқытуда инновациялық әдістерді қолдануда профессор-оқыту құрамына кеңестік қызмет көрсету;
– Институционалдық зерттеулер жүргізу арқылы институционалды жоспарлау мен тиімділігін қолдау;
– Оқу процесінде үздік техникалық құралдарын қолдануды қолдау;
– Академиялық процестерді сырттай шолудың процестерін қадағалау.

Провост Университеттің академиялық істер жөніндегі басты лауазымды тұлға болып табылады. Ол академиялық және ғылыми көшбасшылық бағытындағы Университеттің мақсаттарын дамыту және орындаудағы процестеріне жетекшілік етеді. Профессор Илесанми Адесида Провост қызметін 2016 жылдың қазан айынан бастап атқаруда. 

Академиялық істер жөніндегі вице-провост академиялық процестерді (академиялық жоспарлау, оқу мен оқыту, зерттеу мен білім беру процестерін біріктіру, профессор-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру) басқарудағы істерді жүзеге асыруға Провостқа қолдау көрсетеді. Доктор Лоретта О’Доннелл 2013 тамыз айынан бастап вице-провост қызметін атқаруда.

Провост Офисі
Офис 4006, Блок С2
Қабанбай батыр даңғ 53, 010000
Астана қ., Қазақстан
Тел: +7 (7172) 70 90 57
Email: provost@nu.edu.kz