NUGSB Impact Central: The ABCD Way — оқытуда, ғылыми зерттеулерде және тәжірибелік білім беруде кейс әдісінің рөлін зерделеуге арналған екі күндік конференция. Іс-шараның негізгі мақсаты — нақты өмірлік тәжірибелер мен өзекті мәселелерді көрсететін, жергілікті ерекшеліктерге негізделген оқу және зерттеу кейстерін әзірлеу арқылы Қазақстандағы кейс-бағдарланған білім беру мен ғылыми зерттеулерді дамыту.
Доктор Анджан Гхоштың жетекшілігімен өтетін конференция Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларын, зерттеушілерін, докторанттарын, бакалавриат және магистратура студенттерін, сондай-ақ бизнес өкілдері мен практик мамандарды біріктіреді. Іс-шара бағдарламасы негізгі баяндамаларды, кейстерді таныстыруды, интерактивті семинарларды және зерттеу кейстерінің презентацияларын қамтиды. Негізгі тақырыптардың қатарында кейстерді әзірлеу әдіснамасы, кейс-бағдарланған оқытуда жасанды интеллектіні қолдану, Gameboard Learning форматындағы интерактивті семинар, сондай-ақ қатысушылардың жұмыстарын төрт тақырыптық бағыт бойынша таныстыру бар.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылатын конференция академиялық тәжірибе алмасуға, пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға және біліммен бөлісуге арналған алаң болады. Іс-шара студенттер мен оқытушылардың жаңа білім қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысуына, аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытуына, сондай-ақ академиялық білім мен қоғамның өзекті мәселелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
