The art and science of making strategic decisions: Business Talk and Coffee with Dr. Umar Taj

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Graduate Schools of Business
Nurila Moldaliyeva | Manager

Сізді Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің Executive Education ұйымдастыратын кезекті Business Talk and Coffee сессиясына шақырамыз. Спикер — доктор Умар Тәдж, мінез-құлық шешімдері ғылымының қауымдасқан профессоры, қолданбалы шешімдер ғылымы саласындағы әлемдегі жетекші мамандардың бірі.

Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жұмыс орындарының болашағы» (Future of Jobs) есебіне сәйкес, шешім қабылдау — жасанды интеллект дәуірінде басым түрде «адамға тән» болып қала беретін басты дағды. Сессия шешімдер ғылымына, психологияға, мінез-құлық экономикасына және нейроғылымға негізделген. Онда шешім қабылдаудағы тұзақтардан сақтануға, шешімдердің дәлдігін арттыруға және тиімдірек шешім қабылдау ортасын құруға көмектесетін практикалық әдістер ұсынылады. Сессия тақырыптарының ішінде — ЖИ-мен жақсартылған шешім қабылдау жүйелері, калибрлеу проблемасы және когнитивтік бұрмалаулардың анатомиясы.

Доктор Тәдж Лондон экономика мектебінде, Оксфорд университетінде және Уорик бизнес мектебінде Executive Education бағдарламаларынан сабақ береді. Ол 50-ден астам жаһандық институтқа шешім қабылдауда қолдау көрсетіп, мемлекеттік және жеке секторлардағы 400-ден астам стратегиялық шешімді қабылдауға көмектескен. Оның қазіргі зерттеулерінің бір бөлігі кең жұртшылыққа жетпес бұрын осы сессияда ұсынылады.

Сізді онлайн күтеміз!

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53