2027-2028 академиялық жылға оқуға қабылдау үшін Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына және «Медицина докторы» бағдарламасына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Өтінім беру үшін төмендегі мәліметтерді мұқият қарап шығыңыз.
Өтінім беру мерзімдері кейінірек хабарланады.
Өтінімді қалай беру керек:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
2️. Өтінім формасын толтырып, барлық қажетті құжаттарды Жеке кабинетке жүктеңіз.
3️. Тіркеу ақысын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн-банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
- IELTS: NU, Admissions Department
- TOEFL: 6762
Көмек керек пе?
Өтінім беру барысында қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберіп, Applicant ID нөміріңізді көрсетіңіз.
Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!
Сәттілік тілейміз!
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions/how-to-apply/masters/regular-admissions-masters/
