Қонақ дәрісі: «Қазақстан энергетикасының болашағы: мұнайға тәуелділіктен электр энергиясына негізделген экономикаға көшу?»

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Graduate School of Public Policy | Sustainable Development Solutions Network
Aida Kumarbayeva | Manager

Nazarbayev University студенттерді, зерттеушілерді және салалық мамандарды Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын өзекті мәселелер мен стратегиялық таңдауларды талқылауға шақырады.

Кездесудің спикері – Қазақстан мен Еуразия өңірінде 30 жылға жуық кәсіби тәжірибесі бар халықаралық энергетика және өнеркәсіп жөніндегі кеңесші, стратегиялық тәуекелдер жөніндегі сарапшы Ora Lazic. Қазіргі уақытта ол SLR Consulting компаниясында Тау-кен өнеркәсібі жөніндегі кеңес беру бағытының Орталық Азия бойынша даму жетекшісі және Eurasia Industry Expert Ltd. компаниясының негізін қалаушы болып табылады. Бұған дейін Tengizchevroil, Agip KCO, S&P Global және Nexant компанияларында қызмет атқарған.

Талқылау барысында қысқа және орта мерзімді перспективадағы энергетикалық қауіпсіздікті, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін және ұзақ мерзімді климаттық мақсаттарды өзара үйлестіру мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар халықаралық жеткізу тізбектеріндегі өзгерістер мен көміртегі шығарындыларына қатысты сауда талаптарының күшеюі сияқты сыртқы факторлардың ықпалы талданады.

Салалық тәжірибеге негізделген сараптамалық баяндама, кеңейтілген пікірталас және аудиторияның сұрақ-жауап сессиясы аясында қатысушылар энергетикалық трансформацияға қатысты қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастырып, Қазақстанның алдында тұрған стратегиялық мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді талқылай алады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53