Nazarbayev University QS Eurasia Forum 2026 халықаралық жоғары білім беру форумына қатысады. «Measuring What Matters» тақырыбымен өтетін форум Астана қаласында ұйымдастырылады.
Форум жоғары білім беру саласындағы басшыларды, саясаткерлерді, жаңашылдар мен сарапшыларды жинап, деректердің университеттердің стратегиялық жоспарлауы мен шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін, сондай-ақ жоғары білім берудің өзгеріп жатқан басымдықтарын талқылауға мүмкіндік береді.
Форум бағдарламасында жаһандық еңбек нарығындағы өзгерістер, жұмыс берушілердің жаңа қызметкерлерден күтетін дағдылары мен құзыреттері, халықаралық серіктестерді бағалау тәсілдері, сондай-ақ жасанды интеллектінің оқытуға, білім алуға және ғылыми зерттеулерге әсері сияқты өзекті мәселелер қарастырылады.
Nazarbayev University Президенті профессор Waqar Ahmad форум спикерлерінің бірі ретінде қатысып, жоғары білім берудің болашағы мен Еуразия өңірінде адами капиталды дамыту мәселелері бойынша университеттің ұстанымын таныстырады.
Астанада өтетін форум тәжірибе алмасуға, халықаралық байланыстарды нығайтуға және өңірдегі жоғары білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін талқылауға арналған алаң болады.
