Nazarbayev University жоғары оқу орындарының басшыларын, кәсіпкерлерді, инвесторлар мен өнеркәсіп өкілдерін біріктіретін THE Innovation & Impact Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысады. Іс-шара аясында ғылыми зерттеулерді практикалық шешімдерге айналдыру және коммерциялық әлеуеті жоғары жобаларды дамыту мәселелері талқыланады.
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін саммит университеттер, өнеркәсіп және инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, технологиялар трансферін дамытуға және ғылыми зерттеулерге негізделген инновацияларды жаһандық деңгейде ілгерілетуге арналады.
Саммитте Nazarbayev University Ғылыми зерттеулер және инновациялар жөніндегі вице-провосты әрі Университетті дамыту жөніндегі вице-провосты Бьорн Биргиссон (Bjorn Birgisson) спикер ретінде сөз сөйлейді. Ол жоғары оқу орындарының инновацияларды дамытудағы, кәсіпкерлікті қолдаудағы және өнеркәсіппен ынтымақтастық орнатудағы рөліне қатысты пікірталастарға қатысады.
Nazarbayev University-дің бұл саммитке қатысуы халықаралық академиялық және инновациялық қоғамдастықпен байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нақты практикалық жетістіктерге айналдыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
