
2026-2027 академиялық жылына қабылдау үшін Назарбаев Университетінің магистратура бағдарламаларына және «Медицина докторы» бағдарламасына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Өтініміңізді уақытында тапсыру үшін төмендегі маңызды мерзімдер мен мәліметтерді мұқият қарап шығыңыз.
Барлық грант түрлері үшін өтінім беру мерзімдері*: 2026 жылғы 13 ақпан, 14:00 (Астана қ. уақытымен) (Қазақстан азаматтары мен шетел үміткерлері үшін)
Толық ақылы негізде оқуға түсушілер үшін мерзімдер*:
— Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлері үшін: 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
— Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 24 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен)
Тіркелу жарнасы*:
— Стандартты тіркелу жарнасы: 15 000 теңге
— Кеш тіркелу жарнасы: 45 000 теңге тіркеу жарнасы алғашқы бекітілген соңғы мерзімге дейінгі соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылған кезеңде қолданылады.
*Іскерлік әкімшілендіру магистрі және Қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламаларына өтінім беру мерзімдері мен тіркелу жарнасы өзгеше:
— Ерте тіркелу: 2026 жылғы 13 ақпан сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) (шетел үміткерлер мен Қазақстан азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы – 15 000 теңге;
— Стандартты тіркелу: 2026 жылғы 5 мамыр сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен) (шетел үміткерлер мен Қазақстан азаматтары үшін). Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге;
— Кеш тіркелу:
— Алдын ала визаны талап ететін шетел үміткерлер үшін: 2026 жылғы 1 маусым сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен).
— Барлық қалған үміткерлер үшін (жергілікті және шетел): 2026 жылғы 15 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана уақытымен). Тіркелу жарнасы – 45 000 теңге.
Қалай өтінім беру керек:
1️. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
2️. Өтінім формасын толтырып, барлық қажетті құжаттарды Жеке кабинетке жүктеңіз.
3️. Тіркеу ақысын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.
Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде онлайн-банктік картамен төлеу қажет. Өтінім жіберілгеннен кейін оны өзгерту мүмкін емес.
IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну:
IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:
— IELTS: NU, Admissions Department
— TOEFL: 6762
Көмек керек пе?
Өтінім беру барысында қиындықтар туындаса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберіп, Applicant ID нөміріңізді көрсетіңіз.
Ескерту: Төлем ұлғаюының алдын алу үшін өтінімді ертерек жіберіңіз!
Сәттілік тілейміз!
Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions
2025, қазан 31