Осы жазда мектеп оқушылары мен студенттер Nazarbayev University-дегі ғылыми жобаларға араласып, тәжірибе жинай алады.
Summer Research Projects 2025 бағдарламасы аясында экология, геология, энергетика, лингвистика, физика, жасанды интеллект, химия, кәсіпкерлік сияқты 9 сала бойынша жобалар ұсынылған. Әр жоба бойынша толық ақпаратты және керек құжаттар тізімін келесі сілтеме бойынша ала аласыздар: SRP 2025.
Summer Research Projects 2025 — бұл оқушылар мен студенттерге ғылым әлеміне тереңінен сүңгіп, тек қана Орталық Азияның емес, сондай-ақ әлемнің мықты профессорларымен жұмыс істеуге таптырмас мүмкіндік.
Ғылыми жобалар, жалпы бағдарламаның басқа аспектілері туралы барлық сұрақты srp@nu.edu.kz поштасына жолдауға болады.
Жастарды NU-мен бірге жазды пайдалы өткізіп, қызықты ғылым мен білім әлеміне бойлауға шақырамыз!








