Біз туралы

Университет жетістіктері

Рейтинг және аккредитация

Times Higher Education World University Rankings (THE WUR)

Назарбаев Университеті (NU) Times Higher Education 2026 жылғы халықаралық университеттер рейтингі (THE WUR) бойынша халықаралық зерттеу университеттерінің үздік 23%-ына көтерілді. THE WUR — бұл университеттердің әлемдік рейтингтік кестесі.

Бар-жоғы екі жыл ішінде университет 401–500 диапазонына көтеріліп, Орталық Азия мен Кавказдағы жетекші жоғары оқу орны, сондай-ақ ТМД елдері арасындағы көшбасшы университеттердің бірі ретіндегі мәртебесін растады. THE WUR зерттеуге ерекше назар аудара отырып, университеттің жұмысын жан-жақты бағалайтын деректерге негізделген әдістемені пайдаланады; бұл тәсіл әсіресе NU-нің зерттеу миссиясымен жақсы үйлеседі. THE WUR оқу мен зерттеулерді бағалау үшін Elsevier зерттеу нәтижелерінің деректерін, белсенді зерттеушілердің сараптамалық бағалауларына негізделген бедел деректерін және университеттің өзі ұсынған қаржылық және халықаралық перспективалар туралы деректерін пайдаланады.

NU 2030 жылға қарай әлемдегі ең үздік 20% университеттің қатарына кіруді мақсат етіп отыр.

THE Жас университеттердің әлемдік рейтінгі 2024

NU Times Higher Education (THE) 2024 нұсқасы бойынша жас университеттердің әлемдік рейтингінде 79 ел мен аумақты қамтитын 673 оқу орнының ішінде 106-орынды иеленді. Рейтинг университтердің білім беру, зерттеулер жүргізу сапасын, халықаралық деңгейдегі әлеуетін, 50 жыл немесе одан ерте құрылған әлемдегі ең мықты университеттермен байланысын сәл өзгерген салмақтармен бағалайтын Дүниежүзілік университеттер рейтингінің әдістемесін қолданылады. Толық нәтижелерді веб-сайттан қараңыз.

THE  Азия университеттерінің рейтінгі 2025

NU 2025 жылғы Times Higher Education (THE) Asia University Rankings тізімінде 853 жоғарғы оқу орындары арасында 150 орын алды. Азия университеттеріне арналған рейтингтер Азия институттарының ерекше сипаттамаларына сәйкес түзетілген THE әлемдік рейтингінде қолданылатын критерийлерді пайдаланады. Бұл рейтингтер университеттер арасында жан-жақты және әділ салыстыруды қамтамасыз ете отырып, оқыту сапасы, зерттеу нәтижелері, білім беру және халықаралық әлеует сияқты негізгі миссиялар бойынша университеттерді бағалайды.

Толық нәтижелерді мына сілтемеден көре аласыз.

Пәндер/мамандықтар бойынша рейтинг

Назарбаев Университеті 2025 жылғы Дүниежүзілік университеттердің пәндік рейтингінде 200 үздік қатарына енді.

Назарбаев Университеті Times Higher Education пәндік рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті. 2025 жылғы THE World University Subject Rankings рейтингінде 22 пәндік сала НУ-дың білім беру жүйесінің көпқырлылығы мен жоғары сапасын көрсетеді.

Биылғы рейтингтің негізгі көрсеткіштері пәндік санаттардағы жоғарғы жетістіктерді қамтиды:

  1. «Білім»: НУ әлемнің үздік 176-200 университетінің қатарына енді, бұл осындай жас оқу орны үшін елеулі жетістік; және
  2. «Медицина және денсаулық сақтау»: НУ әлемнің 401-500 үздік университеттерінің санатына кірді.

Жалпы, бес пәндік кластер – инженерия, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, медицина және денсаулық сақтау – әлемдегі ең үздік 500-дің қатарына енді. «Компьютерлік ғылымдар» пәнінің кластері 501–600 диапазонында ұсынылған, ал бизнес және экономика, өмір туралы ғылымдар және физика ғылымдары 601–800 санаттарында орын алады.

«Назарбаев Университетінің рейтингтегі жоғарылауы университеттің академиялық және ғылыми жетістіктерге деген тынымсыз ұмтылысын көрсетеді. Бұл біздің профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлердің, студенттердің және қызметкерлердің ерекше үлестерінің куәсі. Біз бұл нәтижелерді мақтан тұтамыз, бірақ біз оларды болашақта одан әрі жақсартуға дайынбыз», — деді президент Вакар Ахмад.

Times Higher Education пәндер/мамандықтар бойынша әлемдік университеттер рейтінгі, 2025 ж.
Пән NU позициясы
Өнер және гуманитарлық ғылымдар 401-500
Тарих, философия және теология
Тілдер, әдебиет, тіл білімдері
Бизнес және экономика 601-800
Бухгалтерлік есеп және қаржы
Бизнес және менеджмент
Экономика және эконометрика
Медицина және денсаулық ғылымдары 401-500
Медицина және стоматология
Басқа денсаулық ғылымдары
Компьютерлік ғылымдар 501-600
Есептеу техникасы
Білім 176-200
Білім
Инжиниринг 401-500
Химиялық инженерия
Құрылыс инжинирингі
Электротехника и электроника
Жалпы инженерия
Механикалық инженерия
Өмір туралы ғылымдар 601-800
Биология ғылымдары
Физика ғылымдары 601-800
Химия
Геология, қоршаған орта, жер және теңіз туралы ғылымдар
Математика
Физика және астрономия
Әлеуметтік ғылымдар 401-500
Қоғаммен байланыс және БАҚ
Саясат және халықаралық қатынастар
Әлеуметтану

Екі пән – телекоммуникациялық инженерия және электронды инженерия – Shanghai Ranking басқаратын 2023 жылғы беделді жаһандық академиялық пәндер рейтингіне енгізілген.

Бұл сәтті нәтижелер Университеттің академиялық бағдарламаларының әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі.

Subject NU's Rank
Electrical & Electronic Engineering 401-500
Telecommunication Engineering 201-300

Nazarbayev University халықаралық білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетекші ұйымдардың бірі – Ұлыбританияның Quality Assurance Agency for Higher Education (QAA) агенттігі жүргізген Халықаралық сапаға шолу (IQR) нәтижесінде институционалдық аккредитацияға ие болды.

Бұл маңызды жетістік Назарбаев Университетінің жоғары білім берудегі сапа мен басқарудың ең жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді. Бұл Университеттің жетекші жоғары оқу орны ретіндегі мәртебесін растайды және Назарбаев Университетінің әлемдік мойындалуы мен дипломының құндылығын күшейтеді.

Аккредиттеу бес жыл мерзімге жарамды. Озық тәжірибе мысалдарын көрсететін және жақсарту бойынша ұсыныстарды сипаттайтын IQR есебі QAA веб-сайтында қолжетімді. НУ тиісті ұсыныстарды орындау және үлгілі тәжірибені қолдау үшін кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Аккредиттеу туралы сертификат мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Аккредиттеуге немесе QAA «аккредиттелген» төсбелгісін пайдалануға қатысты сауалдарға жауап алу үшін Стратегия және іске асыру офисіне strategy@nu.edu.kz хабарласыңыз.

Назарбаев Университеті 2017-2020 жылдар аралығында академиялық сапа, ғылыми-зерттеу қызметі мен стратегиялық басқарудың тәуелсіз сыртқы бағасын алу үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына (IEP) қатысты.

НУ сыртқы бағалаудың бастапқы және кейінгі кезеңдерін сәтті аяқтады және өзін-өзі жетілдіру бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Тиісті есептер IEP EUA веб-сайтында қолжетімді.

NU жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге тырысады және өзінің бағдарламаларын беделі ең жоғары ұйымдардан аккредиттеуден өтуге басымдық береді.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистрлік бағдарламалары 2019 жылы Мемлекеттік және муниципалды басқару бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі еуропалық қауымдастық (EAPAA) және 2023 жылы  Мемлекеттік саясат, істер және басқару мектептерінің желісі (NASPAA) тарапынан аккредиттеуден сәтті өтті.

Дайындық мектебінің «Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі» бағдарламасы 2020 жылы Академиялық мақсаттарға арналған британдық ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы (BALEAP) аккредиттеуінен өтті. NU — ТМД елдеріндегі BALEAP аккредиттеуін алған алғашқы университет. Қазіргі уақытта Мектеп BALEAP қайта аккредиттеуден өту өтінімін дайындауда.

Жоғары бизнес мектебі  Университеттік бизнес мектептерін дамыту қауымдастығы (AACSB) аккредиттеуінен және өз бағдарламаларын MBA қауымдастығы (AMBA) мен Бизнес-мектеп түлектері қауымдастығы (BGA) бірлескен аккредиттеуден өтуге үміттенеді. AACSB және AMBA бизнес-білім беру саласындағы үш негізгі жаһандық аккредиттеу органының екеуі болып табылады («үштік тәж»). Қазіргі уақытта Мектеп AACSB аккредитациясының жыл сайынғы шолу процесіне және AMBA және BGA бірлескен аккредитациясының бағалау кезеңіне қатысуда.

Бағдарламалар тізімі:

  • Бакалавр: механикалық және аэроғарыштық инженерия; химиялық инженерия және материалдар технологиясы; электротехника және компьютерлік инженерия; құрылыс және экологиялық инженерия; ғылым бакалавры: робототехника инженериясы; компьютер ғылымдары (SEDS);
  • Ғылым бакалавры: геология; мұнай-газ ісі; тау-кен ісі (SMG);
  • Бакалавр: физика; химия; математика; биологиялық ғылымдар (SSH).

Мектептер бағдарламаларды қайта қарап, оларды ABET аккредиттеу талаптарына сәйкес келтірді, қазіргі уақытта деректерді жинау процесі жүргізілуде.

Медицина мектебі өзінің Медицина докторы бағдарламасы бойынша Еуразиялық Жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету агенттігі (ECAQA) арқылы Дүниежүзілік медициналық білім федерациясының (WFME)  аккредиттеуінен өтуге үміткер. Қазіргі уақытта мектеп өзін-өзі бағалау кезеңін аяқтауда.

Жоғары білім беру мектебі Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) халықаралық бағдарламалық аккредиттеуіне (IPA) өтініш беруде. QAA, Ұлыбританиядағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін тәуелсіз орган, сапаны қамтамасыз ету саласындағы әлемдік сарапшылардың бірі болып табылады.

Медицина мектебінің Медицина докторы (MD) бағдарламасы 2024 жылдың сәуір айында Еуразиялық аккредиттеу және жоғары білім мен денсаулық сақтау саласындағы сапаны қамтамасыз ету орталығының (ECAQA) аккредиттациясынан сәтті өтті. Бұл Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы (WFME) аккредиттеу органымен өткізілетін толық бес жылдық халықаралық аккредитация болып табылады. Бұл MD бағдарламасы медициналық білім берудегі сапа мен жоғары деңгейдің қатаң стандарттарына сәйкес келетінін растайды.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53