Назарбаев Университеті келесі бакалавриат бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдайды:
-
Медицина саласындағы алты жылдық бакалавриат бағдарламасы (SOM)
-
Іскерлік әкімшілік бакалавры (GSB)
Өтінімдер тек қана Full Tuition-Based Applicant санатына ашық (қаржылық қолдау және гранттар қолжетімсіз).
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 шілде – 28 шілде, 14:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)
Қалай өтінім беруге болады:
-
admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашыңыз.
-
Өтінім беру нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеңіз.
-
“Pay and Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберіңіз.
-
2025 жылғы 28 шілде, сағат 23:59-ға дейін (Астана уақыты) IELTS/TOEFL iBT нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша жүктеңіз.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Талапкерлерді қолдау орталығына хабарласыңыз:
Телефондары: +7 (7172) 64 25 84, +7 (747) 094 02 30
Email: info_admissions@dem.nu.edu.kz
Талапкерлерге сәттілік тілейміз!