2025-2026 академиялық жылға қабылдау үшін Назарбаев Университетінің  «Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі» бағдарламасына онлайн өтінімдер ашылғанын қуана хабарлаймыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Онлайн өтінім беру мерзімдері:

Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет: 

1. admissions.nu.edu.kz сайтына тіркеліп, Жеке кабинет ашу.

2. Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
3. Тіркеу жарнасын төлеп, «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Маңызды: Тіркеу ақысы қайтарылмайды және оны «My Application Forms» бөлімінде төлеу қажет. 

4. IELTS (онлайн-тесттен басқа) немесе TOEFL (Home Edition-нен басқа) сертификаттарының сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіңіздің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне жүктеңіз.
Институт кодтары:

Келесі қадамдар: 

Өтініміңіз жайлы ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің мәртебесін білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,  emba.admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз: nu.edu.kz/admissions

Сәттілік тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53