Ғылым

Қауымдастықтар

Студенттерге арналған зерттеу мүмкіндіктері

Зерттеу деген не?

Зерттеу дегеніміз – белгілі бір сұрақтың не мәселенің ғылыми тәсіліне сүйене отыра тыңғылықты зерделуі. Зерттеудің үш негізгі түрі бар: танымдық, сипаттамалы және түсіндірмелі.

Зерттеуші деген кім?

Зерттеуші деп тәуелсіз не бас зерттеуші ретінде білім іздейтін немесе жалпы дерек анықтау мақсатымен кез келген жүйелі зерттеумен айналысатын адамды атайды. Зерттеушілер ғылыми, өнеркәсіптік, мемлекеттік, және жеке мекемелерде жұмыс істей алады.

Ғылыми ассистент (RA) – мезгілдік келісім-шарт негізінде университеттегі немесе зерттеу институттағы зерттеуде көмектесуге жалданатын студент.

RA қалай бола аламын?

Research Handbook

Зерттеу мен инновациялар министрлігі зерттеуді қалай бастау керек екенін, НУ-да ассистент болудың ережелерін және университеттен тыс зерттеу мүмкіндіктерін түсіндіретін Зерттеу анықтамалығын (Research Handbook) шығарды. Өтініш, @nu.edu.kz электрондық поштамен ғана қараңыз.

Research Peers Telegram тобы

Зерттеу мен инновациялар министрлігі ассистент ісінде тәжіребесі көп ғылыми кеңесшілердің көмегімен түрлі зерттеу мүмкіндіктерді қарастыруда қызығушылығы бар кісілер үшін кеңістік құрған!

Онлайн-ресурстар:

Түрлі зерттеу мүмкіндіктер туралы көбірек ақпарат үшін келесі онлайн-ресурстар пайдалы болуы мүмкін:

PURE System

NU Repository

Core Facilities

NU Research Newsletter

Байланыс деректері:

Тағы сұрағыңыз пайда болса, Зерттеу мен инновациялар министрлігімен байланыса аласыз:

Email: ministry.innovations@nu.edu.kz

Telegram: @nu_mri

Instagram: @nu.mri

NU студенттерін ғылыми ассистент ретінде тарту

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53