Кампус

Кампусқа оралу

Студенттердің тұрғын үй-жайы

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
  • Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
  • Студенттік үкімет
  • Қаржылық қолдау
  • Студенттік қор
  • Медициналық қызметтер
  • Денсаулық және әл-ауқат орталығы
  • Студенттердің тұрғын үй-жайы
  • Студенттік клубтар
  • Спорттық өмір
  • Студенттерге арналған жұмыс

Жатақхананың ортасында біз студенттердің өзін-өзі тануға және студенттік өмірге белсене қатысуға қызықтырамыз.

Жатақханада өмір сүру және академикалық, спорттық және басқа да мүмкіндіктерін қолдана білу студенттерді университеттегі келешек міндеттерің атқаруға шабыттандырады. Барлық бөлмелерде төсек орын, үстел және шкаф бар. Бөлме нөмері блоктарға байланысты өзгеріп отырады. Бөлме кеңістігі шектеулі және басқа да үй жабдықтарын алып келуге қатаң түрде тыйым салынады. Бөлме жабдықтарын орнынан қозғау барысында сақ болыңыздар, себебі тіркеуден шыққанға дейін бөлме жабдықтарына тек сіздер ғана жауаптысыздар. 

   

НУ жатақханалары туралы қысқа деректер:

  • Шамамен, НУ-нің 80 пайызынан көп студенттері кампуста өмір сүреді;
  • 7 резиденттік блок бар;
  • Әр резиденттік блокта блок менеджері және резидент көмекшісі бар;
  • Жаңадан қабылданған студенттерге төрт адам жататын бөлме беріледі. Келешек уақытта студенттер екі адам тұратын бөлмелерге көшіріледі;
  • Үш түрлі резиденттік ғимараттар бар: 7-қабаттық, 10-қабаттық және 12-қабаттық резиденттік ғимараттар;
  • Резиденттік құрал-жабдықтар, медикалық бөлме, сабақ оқитын жер, кір киім жуатын жер, кіші дүкендер, сауда автоматы, шаштараз және асханалар бар.

Тамақ дайындау

Тамақ дайындау кейбір блоктар үшін шектелген. Әдетте фоундашн студенттерінің тамақ дайындауына жағдай жасалмаған. Бірақта блок эатаждары тоңазытқыштармен жабдықталған.

   

Асхана сервисі

Барлық студенттер “Meal Plan” алу немесе өз беттерімен тамақ дайындау бойынша мүмкіндіктерге ие. Жатақхана резиденттері үшін бірнеше асханалар жұмыс жасайды.

Велосипед

Назарбаев Университетінде велосипед қоюға арналған орындар бар. Әр тұрғын орындардың алды велосипедке арналған стилаждармен жабдықталған. Әр семестрдің соңында өз велосипедтеріңізді алып кетуді ұмытпаңыздар. Семестрдің соңында, стилаждардан табылған велосипедтер тәркіленеді. Қыс сезгілінде, велосипедтерге шектеулі орындар беріледі.

Кімді білуіңіз қажет?

Кампус менеджер - жатақханаға жайғасуға көмектесетін адам. Өмір сүруге байланысты сұрақтар және мәселелер осы адамға айтылуы тиіс. Кампус менеджерінің басты міндеттеріне резиденттермен тұрақты қарым-қатынаста болу және сол мәселелерді шеше білу кіреді.

Резидент ассистенті – әр блокқа жүктелген университет қызметкерлері. Бұлар жетекші ролін атқарып және индивидуалдардың және департаменттің мақсаттарына көніл бөледі. Өйткені, осы мақсаттар акадмекалық, қоғамдық және коммуналық өсуге үлес қосады.

Блок менеджері – студенттерге жатақханаға тіркелу кезінде көмектесетін адам. Бөлмеледің таза болуына және физикалық жағдайы дұрыс болуына осы адам жауапты.

Тіркеуші – тіркеу орынында отырып, 24 сағат ішінде бір нәрсе болып қалса, көмектесетін адам.

Күзет – студенттердің қауіпсіздігіне 24 сағат бойы жауап беретін адам.

...
 
The forum was organized by the Institutional Research and Analytics team