2018 жылдың 3 - 17шілде аралығында Назарбаев Университетінде Азия Университеттерінің Альянсының (AUA) мүшесі болып табылатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Asia Deep Dive» (ADD) атты жаңа екі апталық мәдени-білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.
24 студенттерден тұратын көпұлтты топ келесі 13 жоғары оқу орындарынан келген: Chulalongkorn University, Hong Kong University of Science and Technology, Indian Institute of Technology, King Saud University, National University of Singapore, Peking University, Seoul National University, Tsinghua University, University of Colombo, University of Malaya, University of Tokyo, University of Yangon және Назарбаев университетінен.
Екі апта ішінде, қатысушылар тақырыптық дәрістерге қатысу, Астана қаласын аралау, сондай-ақ Қазақстанның басқа да аймақтарына саяхат арқылы Қазақстан мен Орталық Азияның мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.
Студенттер қазақ тілі туралы, және де жергілікті мәдениет пен тарих туралы арнайы дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, өз саласында көрнекті мамандардың презентациялары арқасында бағдарламала қатысушылары заманауи Қазақстанның дамуы туралы, экономика және денсаулық сақтау iсiн реформалау саласындағы, сондай-ақ цифрландыру және қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар туралы білді.
Жергілікті мәдениет және түрлі сипаттағы табиғатпен танысу, сондай-ақ ежелгі Жібек жолының тарихымен танысу үшін, ADD бағдарламасы қатысушылары Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралады. Сапар бағыты Шымкент, Түркістан және Алматы сияқты қалаларды қамтиды.
Назарбаев Университетінде өткен ADD бағдарламасы көпұлтты білім беру ортасын дамыту және студенттер арасында мәдени алмасу жәрдемдесу сияқты AUA мақсаттарына қол жеткізу үшін айтарлықтай үлес қосты.
AAU туралы анықтамалық ақпарат: 2017 жылы бүкіл Азия елдері өкілдерінің 15 жетекші университеті бірлесіп Азия университеттерің Альянсын (AAU) құрды, бұл жалпыға бірдей бейілді, озық тәжірибелері мен желілері бар осы саладағы алғашқы коалиция болып табылады. Альянстың миссиясы өзара ынтымақтастықты нығайту жолымен өңірлік және жаһандық, оның ішінде, жоғары білім берумен және экономикамен, ғылыми-техникалық дамумен байланысты проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады.