Провост офисі оқу және оқытуды жетілдіру бағытындағы академиялық саясатты және бастамаларды дамыту, орындау мәселелеріне институционалдық қолдау көрседеті.
Соның ішінде, Офистің қызмет аясы келесі бағыттырды қамтиды:
Жалпы университеттік сапаны арттыру мәдениетін жетілдіру;
Оқыту сапасын арттыру, академиялық бағдарламаларды құру және академиялық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында институционалдық бақылаумен қамтамасыз ету;
Оқу мен оқытуда инновациялық әдістерді қолдануда профессор-оқыту құрамына кеңестік қызмет көрсету;
Институционалдық зерттеулер жүргізу арқылы институционалды жоспарлау мен тиімділігін қолдау;
Оқу процесінде үздік техникалық құралдарын қолдануды қолдау;
Академиялық процестерді сырттай шолудың процестерін қадағалау.
Аға менеджмент
Рехан Садык
Провост
Профессор Садык – су жүйелерін басқару, экологиялық тәуекелдерді талдау және құрылыстық ортада өмірлік циклді бағалау салаларындағы зерттеулерімен халықаралық мойындалған зерттеуші әрі академиялық көшбасшы. Оның 800 жарияланымы бар, 29 000-ға жүйік
дәйексөз алған, бұл оны әлемдегі ең көп дәйексөз алынған азаматтық құрылыс саласындағы 100 зерттеушінің қатарына қояды. Профессор Садык Канададағы бес жетекші кәсіби қоғам мен инженерлік қауымдастықтың мүшесі және экологиялық инженерияға қосқан үлесі үшін беделді CSCE Albert E. Berry Medal марапатымен аталған.
Ол NU-ға Okanagan campus провосты және академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті, азаматтық құрылыс профессоры және University of British Columbia (UBC) университетінің Құрметті университет ғалымы дәрежесіне ие ғалым қызметінен келеді. Провост әрі UBC атқарушы басшылығының мүшесі ретінде ол университетті нығайтуға бағытталған бірқатар стратегиялық бастамаларды басқарды немесе бірге басқарды. Олардың қатарында UBC Okanagan кампусында шетелдік студенттер санын арттыру, денсаулық сақтау мен технологиялар салаларына қосымша мемлекеттік гранттық орындарды алу, инженерия, бизнес, білім, денсаулық сақтау және жаратылыстану ғылымдары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде жаңа бағдарламаларды іске қосу, сондай-ақ UBC-дің әлемдегі ең үздік университеттердің қатарындағы орнын нығайту (Times Higher Education жаһандық рейтингінде 41-орын) бар.
Лоретта О’ Донелл
Академиялық істер жөніндегі вице-провост
Доктор Лоретта O Доннелл 2013 жылдан бастап Назарбаев Университетінде Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост қызметін атқарып келеді. Ол сондай-ақ 2016 жылдың ішінде Университет провосты міндетін атқарған.
Академиялық мәселелер жөніндегі
вице-провост қызметінде доктор О Доннелл декандармен бірлесе отырып, халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламаларының сапасын дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен қатар, Университеттің академиялық миссиясын орындау және Университет тәжірибесін жергілікті және өңірлік жоғарғы оқу орындарына трансляциялау жұмыстары бойынша Назарбаев Университеттің стратегиялық серіктестерімен, соның ішінде Дьюк Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Мадисондағы Висконсин университеттерімен байланыс орнатады.
Доктор О Доннелл Назарбаев Университетінің, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-мен серіктестіктегі, Академиялық адалдық жыл сайынғы халықаралық конференциясының негізін салушылардың және ұйымдастырушылардың бірі.
Ол халықаралық конференцияларда Еуразиялық жоғары білім тақырыптары бойынша қатысып келеді, соның ішінде: ASEF (Азиялық-Еуропалық қор) ректорлар конференциясы; Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF); Times Higher Education Азиялық университеттер саммиті; Жаңа Жібек жолы Университеттер Альянсы және НУ жыл сайынғы Гендерлік форумы.
Доктор О Доннеллдің Аустралия, Сиднейде орналасқан Аустралиялық бизнес мектебі және Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетіндегі (UNSW) EMBA (басшыларға арналған MBA бағдарламасы) бағдарламасында, бакалавриат пен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында жиырма жылдық оқыту тәжірибесі бар. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілі ретіндегі Академиялық кеңестің мүшесі ретінде, және Білім берудің Қауымдастырылған Деканы ретінде, ол академиялық саясаттарды әзірлеу мен дамыту бойынша жұмыстарды өзінің жеке оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар орындады. Ол өзгерістерді басқару саласындағы UNSW AGSM Graduate Certificate және магистратура үшін коммерциялық бағдарламалар директоры қызметін атқарған. Доктор О Доннелл өзінің қаржы нарықтарындағы адами капиталды талдау бойынша зерттеуі үшін маңызды номинациямен марапатталды.
Сонымен қатар, ол Сидней мен Чикаго қалаларындағы ірі компанияларда ұйымдық өзгерістерді енгізу саласында кеңестік қызмет көрсетті, және де құрылымдық өзгерістерді қолдаудағы басқару жүйелерін дамыту саласында істейтін кішігірім фирмаға кеңестік қызмет көрсетті. Доктор О Доннелл Маккуори Жоғарғы Басқару Мектебінің (Macquarie Graduate School of Management) басқару саласындағы философия докторы дәрежесіне ие. Сонымен қатар, МВА дәрежесіне (Жоғарғы Австралиялық менеджмент мектебі, Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті), гуманитарлық ғылымдардың бакалавры дәрежәсіне (үздік) және білім саласындағы дипломына (N’cle) ие.
Жұмабай Бәкенов
Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі вице-провосты міндетін атқарушы
Профессор Бәкенов Токио технологиялық институтында химиялық инженерия бойынша инженерлік ғылымдар докторы дәрежесіне, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясында физикалық химия бойынша PhD дәрежесіне және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
химия магистрі дәрежесіне ие. Профессор Бәкенов Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» мемлекеттік марапатының алғашқы иегері (2025).
Аида Сагинтаева
Академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі Вице-провост және Жоғары білім беру мектебінің деканы
Доктор Сагинтаева (ф.ғ.д., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) кәсіби қызметін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылық қызметтен бастаған. Доктор Сагинтаева Еуразия
ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болды. Ол Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін еуропалық үш деңгейлі дипломдық жүйеге бейімдеу бойынша Білім және ғылым министрлігінде білім беру саласындағы ғылыми жобаларға қатысты және Қазақстанда Батыс PhD бағдарламаларын енгізуге бағытталған министрлік бастамасын үйлестірді. Сондай-ақ ол «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті болған. Доктор Сагинтаева тіл мәселелері, шет тілдерін оқыту, білім беру реформалары, жоғары білімді интернационалдандыру, білім беру саясаты және жоғары оқу орнындағы басқару мәселелеріне арналған 50-ден астам ғылыми журналдық мақалалардың және бірнеше әдістемелік кітаптардың авторы және бірлескен авторы.
Луис Рамон Рохас-Солорзано
Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провосты
Доктор Луис Рамон Рохас-Солорзано 30 жылдан астам жоғары білім беру саласында табысты мансап құрған, көреген, стратегиялық және белсенді академиялық көшбасшы. Ол PhD дәрежесін 1997 жылы Карнеги Меллон университетінде, АҚШ машина жасау мамандығы
бойынша алды.
Доктор Рохас өзінің академиялық мансабын 1988 жылы өндіріс саласында 3 жыл жұмыс істегеннен кейін бастады. Ол Венесуэладағы Симон Боливар университетінде (1985, 1991) машина жасау бакалавры және гидротехника бойынша магистр дәрежесін алды. Доктор Рохас аталған университетте 25 жыл қызмет етті және 2013 жылы Профессор ретінде зейнетке шықты. Доктор Рохас-Солорзано АҚШ-та (Карнеги Меллон университеті, Филлипс-Респироникс, DRESSER-RAND), Францияда (IMT-Atlantique, Нант), Испанияда (UPC), Португалияда (UNL-NSCT) және Перуде (PUCP) Профессор-ғалым болып қызмет атқарды.
2013 жылы Назарбаев Университетіне қосылғаннан кейін доктор Рохас-Солорзано магистратура және докторантура бағдарламаларына НУ магистратура негіздерін сәтті қолданып, магистратура бағдарламаларының жетекшісі, ал соңғы уақытта Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі магистратурасының директоры қызметін атқарды.
Доктор Рохас-Солорзано студентке бағытталған білім беру тәсілін қолданатын және өзінің әріптестерінің, студенттердің және өзі қызмет еткен қоғамдастықтың көп және алуан түрлі көзқарастарын құрметтейтін тәжірибелі академик. Оның пікірінше, бүгінгі күннің ықпалды білім беру көшбасшылары инклюзивтілікті нығайту және жоғары білім берудегі жетістіктерді арттыру үшін құнды ресурс ретінде әртүрлілікті бағалайды.
Дипломнан кейінгі бағдарламалар жөніндегі қауымдастырылған провост НУ-дың барлық магистратура және докторантура студенттері мен докторлық дәрежесі бар ғалымдар үшін жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін академиялық және әкімшілік қолдауға жетекшілік етеді. Доктор Рохас бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйегінде доктор Рохас таза энергия технологиясын зерттеу нысандарындағы жетістіктері үшін Білім берушілер және Зерттеушілер санатында NASA-ның POWER/RETScreen Excellence Award марапатын алды.