Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (ҚазТОХҚ)
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (ҚазТОХҚ)
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (ҚазТОХҚ)
Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы
Қауымдастықтың мақсаты – әлемдегі тілдік білім берудің халықаралық үздік тәжірибелерін жинақтау және қазақ тілі мәселелеріне қатысты ынтымақтасқан ғылыми-теориялық, педагогикалық базаны нығайту.
Қауымдастықтың міндеттері:
Қазақ тілін оқыту саласы бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарымен бірігу, байланыс орнату.
Қазақ тілін оқыту саласы бойынша Орталық Азия, Қытай, Жапония, Корея, Ресей Федерациясы, Түркия, Еуропа, Солтүстік Америка және тағы басқа әлем елдерінде қызмет етіп жүрген қазақ тілі оқытушыларын біріктіріп, өзара ынтымақтастықты дамыту.
Дүние жүзі қазақ және түркі тілдері оқытушыларының халықаралық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында түркі тілдерін оқыту сапасын арттыруға бағытталған кәсіби ұйымдармен, Американдық түркі тілдері оқытушыларының қауымдастығымен (AATT), Түркиялық Türkçe Öğretim Merkezleri (ТÖМЕR), Юнус Емре институтымен және оның филиалдарымен, түркі тілдерін оқытуды дамытуға бағытталған халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру.
Қазақ тіл білімі, елтану, тілдерді оқыту және салыстыра-салғастыра талдау бағытында ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылымаралық байланысты нығайта отырып, пікір алмасу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тілдік білім беру саласындағы оқыту әдістемелері мен инновациялық технологиялардың соңғы жаңалықтарын жинақтау, тарату және өзара тәжірибе алмасу.