Назарбаев Университетінің спорт орталығы NU қауымдастығына арналған 6000+ шаршы метрлік көпсалалы спорт кешені.
NU Sports кешені – бұл олимпиадалық стандартты жүзу бассейн, көпфункционалды зал, сквош корты және түрлі спорт залдарымен жабдықталған Атлетикалық және Спорт орталықтардаң туратын көпфункционалды кешені; 38 блокта орналасқан оқытушыларға/қызметкерлерге және кампус тұрғындарына арналған спорт залы; және ашық жазғы спорт алаңдары (футбол, баскетбол, волейбол).
![]() |
![]() |
NU Sports кешенінің басты мақсаты – Назарбаев Университетінің студенттер мен қоғамдастығының әл-ауқатына қам жеу.
Бүгінгі күні кешен екі бағытта жұмыс істейді: Орталық Азия аймағында озық спорттық зерттеу кластерін ұйымдастыру және спортпен айналысатын қоғамдастық мүшелерінің санын арттыру.
Жақын уақытта спорт кешені спортпен белсенді айналысатын қоғамдастық мүшелерінің санын 70% -ға дейін арттыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін қоғамдастық мүшелері мен келушілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нәтижелерін көрсету, зиянды және қоғамға жат өмір салтын төмендету жүзеге асырылады.
Жетілдірілген спорттық зерттеу кластерін ұйымдастыру міндеттерін орындау барысында орталық университеттің басқа мектептерімен ынтымақтастықта болады. Осылайша, Медицина мектебі спорттық медицина, оңалту және спорттық аналитика бойынша магистратура бағдарламасын құрды. Орталыққа бағдарламаның алғашқы түлектері қатысуда. Орталықта триатлон, таэквондо, құзға өрмелеу және басқа да спорттық жаттығулар бойынша ұлттық құрамалар жаттығу жиындарын өткізеді. Орталықтың жаттықтырушылары мен нұсқаушылары үнемі біліктілікті жоғарылатып отырады, бұл университеттің спорт қоғамдастығының дамуына серпін береді.The main goal of the NU Sports Complex is to care for the well-being of students and the community of NU.
NU спорт кешені Университет қоғамдастығына ғана емес, қала тұрғындарына да өз объектілеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жергілікті мектептер мен спорт ұйымдары жаттығу, жарыс және бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін спорт алаңдарын пайдалана алады.
Бұл бастамалар қала тұрғындары арасында салауатты және белсенді өмір салтын дамытуға ықпал етеді.
NU спорт кешені спортпен шұғылдану үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады:
Спорт сыныптарының тізімі қоғамдастықтың қажеттіліктеріне байланысты жыл сайын жаңартылып отырады.
Ұсынылатын спорт секциялардың тізімі жалпы қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады.
|
- жүзу бассейні; |
- cауна; |
![]() |
![]() |
- Альпинизм аумағы бар көп функциялды зал (Атлетикалық орталық);
|
- сквош бөлмесі; |
- йога бөлмесі; |

- теннис
|
- Көп функциялды зал; |
- спорт жаттығу залы; |

- би залы және т.б.
07:00-ден 22:00–ге дейін жұмыс күндері
09:00-дан 22:00–ге дейін демалыс күндері.
Спорт кешенінің жұмысы туралы, кестеге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ресепшнде ақпараттық стендте алдын ала орналастырылады.
Университеттің және оның ұйымдарының студенттері мен қызметкерлеріне ақпарат корпоративтік пошта арқылы жүзеге асырылады.
Студенттік абоненттік төлемін (бассейн, спорт залы, ойын залы, жүгіру жолы) төлеу үшін my.nu.edu.kz студенттік порталына кіріп, Multi-Visit Pass жазылымын (тек карта арқылы) онлайн - billing жүйесі арқылы төлеңіз.
Баға саясаты:

Белсенді төлем ақы туралы ақпарат алу үшін Спорт кешеніне (студенттер, оқытушылар, қызметкерлер, отбасы мүшелері және үшінші тарап төлем ақылары) sportcomplexmanagement@nu.edu.kz электрондық поштасы немесе 8 (7172) 70-66-96 телефоны арқылы хабарласыңыз.