Психологиялық кеңес беру қызметі

 

Психологиялық кеңес беру қызметі

Психологиялық кеңес беру қызметі 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2021 жылдың 15 ақпанында ол Денсаулық және әл-ауқат орталығына айналдырылды, ал 2024 жылы Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті құрамына кірді.

Біздің миссиямыз – NU қауымдастығын психологиялық өзгерістерді дамытуға, оның әлеуетін ашуға, өмір сапасын жақсартуға және қолдаушы әрі шабыттандыратын білім беру ортасын құруға қолдау көрсету.

Мақсаттар:

  • Қолжетімді және сапалы психологиялық көмек көрсету.
  • Стресс деңгейін төмендету және эмоционалдық, психологиялық дағдарыстардың алдын алу.

Міндеттер:

  • Психикалық денсаулыққа байланысты кез келген мәселелер бойынша жеке және топтық кеңес беру.
  • Дағдарыс жағдайларында қолдау көрсету және оларды шешу жолдарын табуға көмектесу.
  • Стресс төзімділігін, эмоционалдық интеллектіні және психологиялық тұрақтылықты дамытуға бағытталған тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру.
  • Дәрістер, вебинарлар және ақпараттық материалдар арқылы психикалық денсаулықтың маңызды аспектілері туралы ақпарат беру.

Орталықтың қызметтері:

  • Дежурлік кеңесші қызметі (Триаж-кеңес беру).
  • Психологиялық кеңес беру (жеке, топтық).
  • Дағдарыс жағдайларындағы кеңес беру (денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар кезінде жедел көмек көрсету, көпсалалы топ қызметтері).
  • Қудалау құрбандарына арналған көмек бағдарламалары (жыныстық, гендерлік, психологиялық, физикалық зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернеттегі буллинг).
  • Аутрич бағдарламалары (стресті басқару, уақытты басқару, Red Folder, арт-терапия).
  • Әлеуметтік қызметтер, ерекше қажеттіліктері бар студенттерге психоәлеуметтік қолдау көрсету.
  • Халықаралық студенттермен жұмыс істеу.
  • Клиенттердің күрделі психоәлеуметтік қажеттіліктері бойынша кеңес беру.

Қандай жағдайларда Денсаулық және әл-ауқат орталығына жүгінуге болады?

  • Кез келген түрдегі мазасыздық пен жүйкелік.
  • Паникалық шабуылдар, қорқыныштар.
  • Көңіл-күйдің өзгеруі.
  • Отбасындағы, серіктесіңізбен немесе құрдастарыңызбен қарым-қатынастағы жанжалдар мен проблемалар.
  • Ұйқының бұзылуы.
  • Тамақтану бұзылыстары мен проблемалар.
  • Депрессия, апатия.
  • Академиялық үлгерімге қатысты қиындықтар.
  • Психосоматика.
  • Өз-өзіне зиян келтіру және суицидке бейімділік.
  • Зорлық-зомбылыққа негізделген қарым-қатынастар (физикалық, жыныстық, эмоционалдық зорлық-зомбылық).
  • Жақындарынан айрылу, қайғыру.
  • Өзін-өзі бағалаудағы проблемалар, өзіне деген сенімділік, «жалғандық синдромы».
  • Прокрастинация.

Кеңес алу үшін не істеу керек?

Дежурлік кеңесшіге Telegram арқылы хабарласыңыз. Психологиялық кеңес беру қызметі бөліміне арналған студенттік портал мен қызметкерлер порталы арқылы арнаның сілтемесі ұсынылады. Дежурлік кеңесші жағдайды триаж бағалауын өткізгеннен кейін сізді қажетті мамандарға жібереді.

Кеңесті болдырмауға бола ма?

Кеңесті 24 сағат бұрын болдырмауға болады.
Ол үшін HWD мекенжайына nu_counseling@nu.edu.kz электрондық поштасына жазу немесе дежурлік кеңесшіге қоңырау шалу қажет.

Біздің қызметтер құпиялы және NU-ға қабылданған кез келген студент HWD қызметін пайдалана алады. Біздің тәжірибелі және білікті мамандар әр адамның сезімдері мен тәжірибесін түсінуге және құрметтеуге тырысады.

Байланысымыз:

  • Электрондық пошта: nu_counseling@nu.edu.kz
  • Instagram: @pcs_nu

Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - жұма, сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін (мерекелерден басқа), түскі үзіліс: 12:30-13:30.

 

Төтенше жағдайларда, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс уақытта келесі нөмірлерге хабарласыңыз:

  • Қалалық психикалық денсаулық орталығының тәулік бойғы сенім телефоны: 8 (7172) 54-76-03, 8 (7172) 27-38-28
  • Қазақстандағы сенім телефоны: 111 (тәулік бойы).