артқа

«Балалар лагерьлерін орналастыру» байқауын өткізу туралы хабарландыру

«University Service Management» жеке мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, www.nu.edu.kz, «Балалар лагерьлерін орналастыру» конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

Әлеуетті тапсырыс берушіге қойылатын барлық талаптардың толық тізімі мен егжей-тегжейлі сипаттама конкурс құжаттамасында көрсетілген.

Конвертке салынған өтінімдерді әлеуетті тапсырыс берушілер «University Service Management» жеке мекемесіне 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 72-блок, 207-кабинет мекенжайы бойынша 2025 жылғы 02 мамыр сағат 10:00-ге дейін тапсыруы (жіберуі) қажет.

Өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссия 2025 жылғы 02 мамыр күні сағат 16:00-де Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 72-блок, 302-кабинет мекенжайда ашады.

Конкурстың құжаттамасын ұйымдастырушы «Назарбаев Университеті» интернет-ресурсынан www.nu.edu.kz тегін ұсынады.

Әлеуетті тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі өтінімді өзі әкеліп тапсыруы тиіс.

Қосымша ақпарат пен сұрауларды 8 (7172) 69-49-24 телефоны арқылы алуға болады.