«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, тәуекелдердің мынадай түрлері бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыру үшін компанияны таңдау бойынша конкурс жариялайды:
Конкурсқа мынадай талаптарға жауап беретін сақтандыру ұйымдары шақырылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензияның болуы (лицензияның көшірмесі);
2) А.М.Best рейтингтік агенттігінің шкаласы бойынша «B» деңгейінен төмен емес немесе Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің шкаласы бойынша не болмаса онымен салыстыруға болатын Fitch және Moody's агенттіктерінің рейтингісі шкаласы бойынша ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінен төмен емес болуы тиіс;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясының қайтарылуы немесе тоқтатылуы жағдайларынсыз сақтандыру нарығында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) сақтандыру ұйымы ұсынған ұсынысты қарау күніне дейін соңғы он екі (12) бірізді ай ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген пруденциялық нормативтердің талаптарын үзіліссіз сақтау (уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша);
5) сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес меншікті капиталының неғұрлым жоғары мөлшерімен «жалпы сақтандыру» классы бойынша алғашқы жиырма сақтандыру ұйымына кіреді.
Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық ұсыныстарды әлеуетті компаниялар dacm@nu.edu.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша ұсынады (жібереді).
Коммерциялық ұсыныста №1 қосымшада көрсетілген мүлік тізіміне сәйкес ең жоғары сақтандыру тарифі, негізгі құралдар тізбесіне сәйкес негізгі құралдарды барлық тәуекелдерден сақтандыру бойынша тариф, сондай-ақ әрбір активтер тобы бойынша франшизаның мөлшері мен шарттары (әрбір және кез келген сақтандыру жағдайы бойынша 5%-дан аспайтын) көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру тәуекелдері |
||
Сақтандырылған тәуекелдер |
Әрбір және кез келген сақтандыру жағдайы бойынша франшиза (шартсыз) |
|
Жылжымайтын мүлік |
Жылжымалы мүлік |
|
Өрт |
5% артық емес |
5% артық емес |
Найзағайдың түсуі |
5% артық емес |
5% артық емес |
Жанармай жарылысы, трансформатор жарылысы |
5% артық емес |
5% артық емес |
басқарылатын ұшатын объектілердің немесе олардың бөлшектерінің, не болмаса жүгінің мүлікке құлауы |
5% артық емес |
5% артық емес |
Табиғи апаттар – көшкін, тау жынысының құлауы, боран, құйын, дауыл, бұршақ, нөсер, қар көшкіні |
5% артық емес |
5% артық емес |
Табиғи апат-жер сілкінісі |
5% артық емес |
5% артық емес |
Жер сілкінісі және одан кейінгі (туындаған) өрт |
5% артық емес |
5% артық емес |
Су құбыры, кәріз, жылыту жүйелері мен өрт сөндіру жүйелерінің авариялары нәтижесінде туындаған су басу |
5% артық емес |
5% артық емес |
Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері: бұзақылық, тонау (бұзып кіру арқылы), қарақшылық |
5% артық емес |
5% артық емес |
Жоғарыда аталған кез-келген сақтандыру жағдайының салдарынан толық жойылу/жоғалту жағдайлары |
10% артық емес |
10 5% артық емес |
Өтінішті берудің соңғы мерзімі 2025 жылғы «9» маусым күні сағат 12.00-ге дейін.
Қосымша:
(7172)706582, (7172)706671, Активтерді басқару және корпоративтік басқару департаменті.
Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандыру үшін компанияны таңдау туралы хабарландыруға №1 ҚОСЫМША
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының сақтандырылатын активтер топтары
|
АКТИВТЕР ТОПТАРЫ |
Сақтандыру сомасы, теңге * |
1. |
Серверлік және желілік жабдық |
2 432 592 625 |
2. |
Астана қаласындағы тұрғын пәтерлер |
11 280 179 300 |
3. |
Оқу және ғылыми мақсаттарға арналған жабдықтар |
41 252 716 042 |
* Мүліктің құны соңғы емес және оны нақтылауға болады