барлық жаңалықтар
12 ақпан 2025 Оқиғалар#NUstudents

Жылы қыс: NU студенттері 213 балаға көмек көрсетті

Жылы қыс: NU студенттері 213 балаға көмек көрсетті

12 ақпан 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

7 ақпанда Nazarbayev University қабырғасында Children’s Development Foundation (CDF) студенттік қоры ұйымдастырған Warm Winter Awards Ceremony салтанатты рәсімі өтті.

 Бұл қайырымдылық шарасы жыл сайын өтеді және әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қысқы киім және керек-жарақ жинауға бағытталған. Биыл 132 отбасыдан шыққан 213 балаға көмек көрсетілді.

“Біздің студенттеріміздің осындай маңызды істермен айналысатынына қуаныштымын. Бүгінгі кеш тек қана алғыс айту рәсімі емес, ол сондай-ақ NU қауымдастығының мейірімділігі мен ізгі істерге деген адалдығының белгісі. CDF-ке алғысым шексіз. Сіздер өте маңызды іспен айналысып жатырсыздар, біз, өз тарапсымыздан, сіздерге қолдау көрсетуге әрқшан дайынбыз. Жобаның нәтижесі оның қаншалықты маңызды екенін меңзеп тұр – көптеген бала мен отбасы біздің еріктілер, топ жетекшілері және серіктестеріміздің арқасында қажетті көмек ала алды”, — деді NU президенті доктор Вакар Ахмад.

Өз кезегінде CDF президенті Әнел Наурызбаева университеттің Студенттермен жұмыс жөніндегі департаментіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Жалпы жобаға 400-ден аса студент ат салысып, жеті киім дүкені серіктес болған.

Салтанатты шара соңында ең белсенді қатысушылар марапатталды.

 

Ұқсас жаңалықтар