барлық жаңалықтар
23 қаңтар 2024 ##NUgoesGLOBAL

Жаңа серіктестік: NU мен Коч университеті студенттермен алмасуда

Жаңа серіктестік: NU мен Коч университеті студенттермен алмасуда

23 қаңтар 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті Түркияның Стамбул қаласындағы Коч университетімен Өзара түсіністік туралы меморандумға және Студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде Назарбаев Университеті мен Коч университеті ғылыми, білім беру және әдістемелік материалдармен алмасуға ықпал ете отырып, студенттер мен қызметкерлермен алмасу бағдарламаларына қатысатын болады. Жыл сайын әр университеттің екі студенттері басқа мәдениет пен академиялық ортаға, сонымен қатар интеллектуалды зерттеулер әлеміне енудің, жарқын және өзара байланысты болашақты құрудың бірегей мүмкіндіктерін қолдану мақстаныда академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады.

1993 жылы негізі қаланған Коч университеті – бұл танымал, әртүрлі академиялық бағдарламалары бар, коммерциялық емес жеке оқу орны болып табылады. Университет 22 бакалавриат, 43 магистратура мен 30 докторантура бағдарламалары бойынша 70 елден келген студенттерге білім береді. Түркияның үздік үш университетінің қатарына кіретін Коч университеті Times Higher Education бойынша әлемдік университеттердің рейтингінде 401-500 аралығында орын алып, бүкіл әлемде танылды.

Коч университетінің белгілі бір жетістігі – Әкімшілік ғылымдар және экономика колледжі мен Жоғары бизнес мектебін үш беделді халықаралық аккредитацияға ие болуы. Олар: AACSB international, AMBA және EQUIS. Бұл Коч университеті беделді "Triple Crown" аккредитациялары бар әлемдік бизнес-менеджмент мектептерінің 1%-дан азын құрайтын топ құрамында екенінің белгісі.

Ұқсас жаңалықтар