барлық жаңалықтар
9 желтоқсан 2024 Ғылым#NUnews

Жас ғалымдар мен әлемдік сарапшылар IV YRA Forum-да инновацияларды талқылады

Жас ғалымдар мен әлемдік сарапшылар IV YRA Forum-да инновацияларды талқылады

9 желтоқсан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University-де өткен IV Young Researchers Alliance (YRA) Forum-ға 500-ге жуық Қазақстан мен шетелден келген жас ғалымдар және бизнес өкілдері қатысты. Форум «Ғылымға негізделген экономика» тақырыбында өтті.

Форум аясында жасанды интеллектті қолдану, ауыл шаруашылығы ғылымындағы инновациялар, биомедицинадағы жетістіктер, білім беру ортасының трансформациясы және жас ғалымдарды қолдау сияқты маңызды мәселелерге арналған тақырыптық сессиялар өтті. Бұл тақырыптар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, ғалымдар, бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері арасында конструктивті диалог орнатуға негіз болды.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев форумда сөз сөйлеп, ғылым мен ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытудың Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым мен инновацияның тұрақты даму үшін маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, форум қатысушыларына Nazarbayev University-дің президенті Вакар Ахмад құттықтау сөзін арнап, форумның ғылым мен бизнестің байланысын нығайту және Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамыту үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Nazarbayev University-де біз ғылым мен инновация саласында жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу қағидатын ұстанамыз. Академиялық қауымдастық, өнеркәсіп және мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамыту білімге негізделген экономиканы құрудың кілті болып табылады. Бұл форум жас зерттеушілердің тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің прогресіне қосатын зор үлесін көрсетеді», – деді NU президенті, профессор Вакар Ахмад.

Форумда Испания, Сауд Арабиясы, Финляндия және АҚШ сынды елдердің өкілдері сөз сөйлеп, HM CINAC, CSIC-UPM, King Abdullah University of Science and Technology, University of Oulu және Harvard Medical School сияқты жетекші ғылыми және білім беру мекемелерін таныстырды.

Форумның басты нәтижелерінің бірі – жас ғалымдарды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайту бойынша ұсыныстар қамтылған резолюцияны әзірлеу болды.

Форум Cajal Meetings аясында ұйымдастырылған ерекше музыкалық-ғылыми «Musical Neuro-Dialogues» шоуымен аяқталды. Гуглиельмо Фофани мен Лука Багальяның қатысуымен өткен бұл шара мәдениет пен ғылымды үйлестіріп, қазіргі заманғы ғылыми экожүйенің маңызды элементі ретінде пәнаралық тәсілді ерекше көрсетті.

Форумның ұйымдастырушылары – Жас ғалымдар альянсы (Young Researchers Alliance), Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, NU Корпоративтік қоры «Әлеуметтік даму қоры» және Nazarbayev University. Форумның серіктестері – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сарапшылар клубы, Қазақстандағы Испания Елшілігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Жас ғалымдар кеңесі.

Ұқсас жаңалықтар