
14 қараша 2024
Осы мақаламен бөлісіңіз13 қарашада жаңа "World on Wednesdays" (WoW) шаралар циклі аясында екінші іс-шара өтті, оны университеттің халықаралық қызмет департаменті ұйымдастырды.
Бұл жолы назар африкалық елдердің бай мәдени мұрасына аударылды. Айта кетейік, осы циклдың алғашқы іс-шарасы қазан айында Пәкістанға арналды.
Африкаға арналған іс-шараға 100-ден астам қатысушы жиналды. NU-да Африканы 75 студент, 17 оқытушы және 24 ғылыми ассистент таныстырады.
Бұл жолы назарға Кения, Гана, Нигерия және Гамбия елдері алынды. Олар өз елдерінің мәдени дәстүрлерін, музыкасын, биін, ас мәзірін және тағы басқа қызықты аспектілерін қатысушыларға ұсынды.
Іс-шара қонақтары африкалық дәстүрлі би мен музыкалық нөмірлерді тамашалап, ерекше мәдениеттің атмосферасына еніп, африкан елдерінің тарихы мен дәстүрлері туралы көбірек біліп, NU кампусындағы бірлік пен достық рухын сезінді.