барлық жаңалықтар
11 қазан 2024 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL##NUnews

NU-ға Дүниежүзілік банк делегациясы келді

NU-ға Дүниежүзілік банк делегациясы келді

11 қазан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-ға Дүниежүзілік банктің әділ даму, қаржы және институттар саласындағы Еуропа мен Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Асад Алам бастаған делегациясы келді.

Шетелдік қонақтарды университет президенті доктор Вакар Ахмад қарсы алды. Делегация құрамына Орталық Азия бойынша экономист Дэвид Найт, жаһандық макроэкономика, сауда және инвестициялар практикасы саласындағы экономист Генри Авиома, сондай-ақ қазақстандық экономист Азамат Ағайдаров сияқты жетекші мамандар кірген.

Бағдарлама басында делегацияға арнайы кампус-тур ұйымдастырылды, кейіннен экономистер оқу орнының басшылығымен кездесті. Студенттер ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Дайырова NU-дың жетістіктерін таныстырып, түрлі мектептердің өкілдері өздерінің академиялық бағдарламалары туралы айтып берді. Қатысушылар әрі қарай ынтымақтастық орнату әлеуетін талқылады.

«Біздің бизнес-мектепте Қазақстандағы түрлі компаниялар бойынша деректермен жұмыс істейтін жетекші зерттеушілер бар. Жалпы оқу орнының Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық жасау тәжірибесі бар, сарапшыларымыз бөлек елдер бойынша есеп дайындау кезінде қолдау көрсеткен. Осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға әзірміз. Бізде тиісті құзыреттер мен керекті деректер бар», — деді Жоғары бизнес мектебінің деканы Джозеф Конингс.

Бағдарлама соңында Асад Алам студенттер алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның экономикалық болашағын, сондай-ақ адами капитал мен білім беру саласындағы кемшіліктерді ортаға салды.

 

Ұқсас жаңалықтар