барлық жаңалықтар
22 шілде 2024 #Оқиғалар##NUgoesGLOBAL

Цинхуа университетінің студенттері NU-дағы ғылыми жобаға қатысады

Цинхуа университетінің студенттері NU-дағы ғылыми жобаға қатысады

22 шілде 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Ғылыми жобаға қатысатын Цинхуа университетінің 12 студенті NU кампусымен танысты

Кампус-тур барысында студенттер университет мектептерімен, кітапхана және электронды микроскопия зертханасың жұмысымен танысып, сонымен қатар Цифрлық киіз үйдегі ғарышты зерттеу туралы қызықты бейнероликті тамашалады.

Цинхуа университетінің PhD докторанты Лян Шен университетке келгеніне қуанышты екенін айтты. «Маған NU-ға сапарым өте ұнады. Мен қоршаған орта және химиялық инженерия саласындағы жетістіктер туралы құнды мәліметтерден басқа, NU кампусы мені таң қалдырды.Зертханалар өте жақсы жабдықталған.  Университетте әртүрлі оқу кабинеттері бар, мұндай тамаша жағдайлар студенттердің мақсатты жұмыс істеуіне көмектеседі, - деді ол.

Бұл сапар халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасу үшін көпір бола алады. Ұзақ мерзімде бұл NU  мен Қытайдың басқа университеттері арасындағы тиімді болашақ ғылыми серіктестікке жол ашуы мүмкін.

 

Ұқсас жаңалықтар