барлық жаңалықтар
23 маусым 2025 ##NUgoesGLOBAL##NUstudents

284 жылда алғаш рет: NU түлегі АҚШ-та беделді сыйлық иегері атанды

284 жылда алғаш рет: NU түлегі АҚШ-та беделді сыйлық иегері атанды

23 маусым 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

Меруерт Бижанова 2023 жылы «Биологиялық ғылымдар» бакалавриат бағдарламасы бойынша Nazarbayev University-ді бітіріп, АҚШ-тағы Ivy League университеттерінің бірі — University of Pennsylvania оқу орнына қабылданды.

Ол жерде қазақ қызы «Білім саласындағы көшбасшылық» магистратура бағдарламасы бойынша білім алды. 

2025 жылы АҚШ-тағы оқуын аяқтағаннан кейін Меруерт халықаралық студенттерге арналған беделді Penn Global Student Citizenship Award сыйлығын иеленді. Ол студенттің жаһандық мәселелерді шешуге деген ұмтылысы үшін беріледі. Осылайша, Меруерт — UPenn-нің 284 жылғы тарихындағы аталған сыйлықты иеленген алғашқы қазақстандық атанды.

Оқу барысында ол теңдік және инклюзия саласындағы зерттеулермен белсенді айналысқан, Жаһандық саясат орталығында тағылымдамадан өткен, сондай-ақ университет өміріне белсене араласып, Студенттік үкімет президенті болып сайланды. Университеттің ресми сайтында отандасымыз Меруерт туралы былай жазылған: «Меруерт UPenn-нің академиялық және қоғамдық өмірінде Қазақстаннан келген студент ретінде берлесене араласуда».

Сонымен қатар осы жылдың сәуір айында Меруерт «Білім беру саласындағы философия докторы» бағдарламасы бойынша University of Oxford-ке докторантураға шақыру алды. Оқу 2025 жылғы қазан айында басталады.

Отандасымыз бен NU түлегін осындай белестерді бағындырғанымен шын жүректен құттықтап, алдағы академиялық жолында табыс пен сәттілік тілейміз!

 

Ұқсас жаңалықтар