барлық жаңалықтар
27 шілде 2017

Назарбаев Университетінің студенттері Жібек жолы Халықаралық жазғы мектебіне қатысты

Назарбаев Университетінің студенттері Жібек жолы Халықаралық жазғы мектебіне қатысты

27 шілде 2017

Осы мақаламен бөлісіңіз

2017 жылдың 25 – 27 шілде аралығында Назарбаев Университеті Гонконг Политехникалық университеті мен Сиань Транспорттық Университеті бірлесе ұйымдастырған Халықаралық «Жібек Жолы» жазғы мектебінің 43 студентін қабылдады.

Студенттер Жібек Жолы Альянсының 6 жоғарғы оқу орындары-мүшелері, атап айтқанда, Сиань Транспорттық Университеті, Гонконг Политехникалық университеті, Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Бейжің технологиялық университеті, Астаналық педагогикалық университеті, сонымен қатар Астаналық Экономика және Бизнес Университеттерінен келді. Қатысушылардың арасында 5 бакалавр Назарбаев Университетінің студенттері болып табылады.

Астана қаласында 3 күн аралығында болған студенттер Қазақстан мәдениетімен танысу, Еуроазияшылдық және энергия жөнінде лекциялар курсын тыңдау, сонымен қатар кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін көруге бірегей мүмкіншілікке ие болды.

Осы жылы жаздық мектептің ұйымдастырушылары студенттерге тұрақты даму және болашақ энергия туралы білу мүмкіндігін бере отыра, мәдениетаралық құзіретітерді және Азия елдері аймақтарының жастары арасында диалогты дамыту аясында, Астана және Бейжің атты жаңа бағыттарды қосты.

Ұқсас жаңалықтар