барлық жаңалықтар
20 қараша 2024 #Оқиғалар##NUnews

Soyle App: ISSAI ЖИ негізінде жасалған қазақстандық аудармашы қолданбасын ұсынды

Soyle App: ISSAI ЖИ негізінде жасалған қазақстандық аудармашы қолданбасын ұсынды

20 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) Soyle App қолданбасының іске қосылды. Бұл көпфункциялы қолданба сөзді тану, дауыс синтезі және ауызша сөз бен мәтінді төрт тілге аудару мүмкіндіктерін ұсынады.

Қазақстанның іргелі сөз моделіне сүйене отырып жасалған Soyle App қолданбасы — Қазақстан мен одан тыс жерлерде көптілді қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған жасанды интеллектінің озық өнімі болып, ISSAI зерттеушілері мен әзірлеушілері командасының бесжылдық жұмысының маңызды белесі.

«Бұл 100 пайыз қазақстандық IT өнім: жасанды интеллект модулінің өзегінен бастап дизайнына дейін барлығын ISSAI мамандары жасаған. Ол ел үшін маңызды стратегиялық миссияны шешеді – деректерін онлайн аудармашыларға сенетін пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ол қазақ тілін үйренуге ықпал етеді, өйткені ол сөйлеу үлгісімен біріктірілген», - деді Ұлжан Бисаринова, Soyle App продакт-менеджері және ISSAI деректер талдаушысы.

Пайдаланушыға ыңғайлы әрі түсінікті көптілді қолдауды ұсынатын Soyle App сөзді тану, дауыс синтезі және қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде лездік аударма мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Қолданбасының аударма сапасы FLoRes деректер жиынындағы BLEU көрсеткіштері арқылы өлшеніп, Google Translate, Yandex Translate және GPT-4o-дің аударма нәтижелерінен асып түседі. Бұл қолданбаның аудармасының жоғары дәлдігін көрсетеді.

Қолданбаның негізгі функциялары

  • Сөзді тану, дауыс синтезі және аударма: Soyle App қолданбасының негізгі мүмкіндіктеріне сөздің дәл транскрипциясы, синтезделген дауыстың табиғи дыбысталуы және төрт тілдегі ауызша сөз бен мәтіннің лезде аударылуы жатады.
  • Түсінікті интерфейс: Soyle App қолданбасы қазақстандық пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жасалған, әрі пайдаланушыға аталған төрт тілдің бірінде ыңғайлы және түсінікті интерфейс арқылы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
  • Қолжетімділік: Soyle App қолданбасы интерактив қолданбаішілік мүмкіндіктер мен қолданбаны бағдарламалау интерфейсін (API) ұсынады. Бұл қолданбаның мүмкіндіктерін жеке пайдаланушылар мен бизнестің күнделікті міндеттерімен оңай бірлестіруге мүмкіндік береді.

ISSAI-дың толыққанды зерттеу институты мәртебесіне көтерілгенінен кейінгі алғашқы жасанды интеллект өнімі ретінде Soyle App Қазақстанның бірегей қажеттіліктеріне арналған жасанды интеллект шешімдерін дамытуға институттың атсалысып жатқандығын көрсетіп отыр. Қазақстандық зерттеушілер командасы әзірлеген бұл қолданба еліміздің жасанды интеллект саласындағы таланттардың кәсіби шеберлігін паш етіп, Қазақстанның осы салада алдыңғы қатарға шығуына үлесін қосып жатыр. Сонымен қатар Soyle App қолданбасының бағдарламалау интерфейсі көлемді тілдік модельдермен дауыс арқылы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етіп, Орта Азияда дауысқа негізделген жасанды интеллект мүмкіндіктерін жақсартуға және қазақ тілін қолдануға елеулі қадам жасап отыр.

Бұл өнімді кез келген адам пайдалана алады, ол үшін soyle.nu.edu.kz сайтына кіріп, тіркелу керек, содан кейін 250 000 таңба тегін болады.

Ұқсас жаңалықтар